Услуги

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

«Имсталькон» акционерлік қоғамы металл құрылымдарын дайындау мен жинақтау саласында Сіздерге өз ынтымақтастығын ұсынады. Біздің ірі өндірістік әлеуетіміз және жоғары біліктілігіміз Қоғамға Қазақстанның ең үздік құрылыс компанияларының қатарында болуға мүмкіндік береді. Жұмыстардың жоғары сапасы, өндірістік дағды және жаңа технологияларды енгізу – біздің ең басты беделіміз. Біз болашаққа және тиімді серіктестікке батылдықпен қарауға дайынбыз.

«Имсталькон» АҚ құрылыс рыногында тапсырушының талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін үлкен жұмыс тізімін ұсынады:

ІСКЕ АСЫРАМЫЗ:

  • Темір қаңқадан жасалған жер сілкінісіне берік өндірістік және азаматтық имараттардың “кілтіне дейінгі” құрылыстық-жинақтау жұмыстары
  • Көлемі 100 мың м3-қа дейінгі жаймалы құрастыру орама жаю әдісімен жүзеге асырылатын жұмыстар
  • Үлкен сатылы спорттық нысандар мен автокөлік және темір жолдың көпір құрылыстарын орнату
  • Газ және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған магистралдық желіліерді салу
  • Технологиялық жабдықтарды жинақтау
  • Ұзындығы 100 метрге дейінгі ұялы телефон мұнарасы құрылыстарын және 250 метрге дейінгі түтіндерді орнату

ДАЙЫНДАЙМЫЗ:

  • Қоршау құрылымдарымен толықтырылған өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы ғимараттардың негіздері
  • Көлемі 100 м3-тан 100 мың м3-қа дейінгі шикі мұнай және мұнай өнімдерін сақтауға арналған тік болат резервуарларды
  • Көпірлердің бойлы құрылыстарының құрылымдарын
  • Мұнаралы және мачталы ғимараттарды дайындау

ОРЫНДАЙМЫЗ:

  • Люктер мен патрубкілердің және резервуарлардың түптерін толық және ішінара тотталған төменгі 3 белдіктің қабырғаларын ауыстыру жұмысы
  • Жобалау-конструкторлық жұмыстар