КОМПАНИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ТӘЖІРИБЕСІ

КОМПАНИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ТӘЖІРИБЕСІ

Болат құрылымдарды дайындап құрастыратын Акционерлік қоғам Қазақстан және ТМД елдерінің құрылыс нарығында 1992 жылдан бері істейді. ҚР Президентінің Жарлығы бойынша арнайы жинақтау-өнеркәсіптік «Казстальмонтаж», “Казмонтажстройдеталь” және «Казстальконструкция» трестері негізінен «Имсталькон» АҚ құрылды.

“Казмонтажстройдеталь” тресті бірлестік құрылған уақытқа өз құрамында Қарағанды, Джамбул, Усть-Каменогорск, Павлодар, Рудный және Чимкент қалаларында орналасқан металл құрылымдарды дайындап шығаратын алты зауыты бар еді. «Казстальмонтаж» және «Казстальконструкция» құрастыру тресттерінің құрамында Алма-Атада, Қарағанды, Уральскте, Жанатаста, Экибастуз, Октябрьск, Кокчетав қалаларында, СКПБ, АЗОК және оқу комбинатында 23 жинақтау басқармасы кіретін, Бұлар қалыптасқан ұжымдар еді, өз құрамында тоғыз мыңнан астам металл құрылымдарын дайындайтын жоғары білікті инженерлік-техникалық жұмыскерлері, пісіруші және жинақтаушы мамандар.Ұжымның 15-жылдық тәжірибесі бар Қазақстан өнеркәсібі саласында жүзден астам объектілер салынған.

Бұл бөлек әңгіме, 1956 жылдың 7 сәуірі, Қазақ ҚСР Министрлер Кеңесінің № 192 жарғысымен, Қазақ ҚСР МинҚеңесінің Төрағасы Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев қол қойған, Қазақ ҚСР Металлургиялық және химиялық кәсіпорындары құрылысы министрлігі құрамында «Казстальконструкция» – болат және ірі темір бетон құрылымдарды құрастыру тресті құрылған.

1961 ж.28 желтоқсанында шыққан Қазақ ҚСР Құрылыс министрлігінің министрі Хохлов Иван Николаевичтың № 256 бұйрығымен Алма-Ата қаласында “Казмонтажстройдеталь” – болат құрылымдарды шығару жөніндегі өндірістік кәсіпорын ресті құрылған, ал 1968 ж.21 ақпанында Қазақ ҚСР Министрлер Кеңесінің № 151-Р жарғысымен «Казстальмонтаж» тресті құрылады.

Бұл Қазақ ҚСР Металлургиялық және химиялық кәсіпорындары құрылысы министрлігінің құрамында арнайы құрылыс жұмыстарды орындайтын бөлімшелері құрылды: болат және ірі темір бетон құрылымдарды құрастыру күрделі және өте күрделі құрастырғыштарды жинақтау, ірі габаритті технологиялық жабдықтардың құрастыру жұмыстарын орындау, КИПиА электр жинақтау жұмыстары, сантехникалық жұмыстар.Осы жарғымен 1956 ж.7 сәуірінде Қазақстанның құрылыстарында объекттерді салуда біздің әріптес-қатарластарымыздың мекемелері ашылған: «Казмеханомонтаж» тресті, «Казэлектромонтаж» тресті, «Казсантехмонтаж» тресті және гидротехникалық бұрғы жарылғыш жұмыстарын жүргізетін «Казгидроспецстролй» тресті.

Қазақстан индустриясының дамуымен және қара, түсті металлургияның, химия, машинажасау, энергетика объектілерінің, ас және ет сүт өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының және әлеуметтік мәдениет тұрмысының шалқып өркендеумен байланысты арнайы трестердің ашылуының қажеттілігі туындады.

«Казстальконструкция» трестінің негізгі ұжымы: Соколово-Сарбайск басқармасы «Уралстальконструкция» тресті, Алма–Аты УНР-459 учаскесі «Стальмонтаж-3» тресті, ҚССР Минстрой құрамындағы Петропавловсктағы Калининск УНР-573 учаскесін және Павлодар мен Усть-Каменогорсктегі учаскелер, «Сибсталькнструкция» тресті Қарағанды басқармасы трестінің құрамына берілді.

60-шы жылдары Павлодар облысында трактор шығырытын машина жасау зауыты, алюминий зауыты, №1, №2 және №3 ТЭЦі, ет комбинаты, жиһаз шығаратын фабрикасы, сүт зауыты, нан зауыты, шина жөндеу зауыты, химия комбинаты, Ермаков ферросплав зауыты, Ермаков ГРЭСі, сисликат кірпіштерін шығаратын және №1, №2, №3 және №4 темір бетон бұйымдары зауыттары салынған. Экибастузда көмір қазатын Степной разрез және әлемде ең үлкен Богатырь разрезі, онда жыл сакйын 5-10 млн.тонна көмір қазатын салмағы 5,5, мың тонна және өндіріс құаты 1000 кб/с нан 5 000 кб/с дейн әлеуетті роторлы экскаваторлар жиналған. Шығыс Қазақстан облысында қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногорск полиметалл комбинаты, Тишинск полиметалл кені салынды. Зыряновск, Глубокий, Первомайка шахталары мен кендері, Бухтарма цемент шығаратын зауыты салынды. Қарағанды облысында көмір қазатын кәсіпорынары, шахаталар, разрездер мен қоса Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металургиялық комбинаты салынды. Қазақстанның оң түстік облыстарында цемент, шина, қорғасын-мышыр, фосфор зауыттары салынды. Жамбыл қаласында қос суперфосфат зауыты салына бастады. Гурьев облысында – Қазақстанда бірінші мұнай өңдеу зауыты және балық өңдеу, тік ұшақ шығару зауыттары салынды. Джезқазған мен Балхашта мыс балқыту зауыты, мыс қазу шахталары мен кен зауыттары жедел қарқынмен салына бастады. Қостанай облысында – Соколово-Сарбайск пен Лисаковск ГОКі темір кен мен топырақ қазу шахталар мен разрездер ашылды. Қазақстанның әр облысында тамақ өнеркәсібі, ет комбинаты, жиһаз шығаратын фабрикасы, сүт зауыты, нан зауыты, сыра шығаратын зауыты, тұрғын үйлер мен әлеуметтік мәдениет тұрмыс салу объектілері қалмаған шығар. «Казстальконструкция» трестінің бөлімшелері «Казмеханомонтаж», «Казэлектромонтаж», «Казсантехмонтаж» трестерінің және олардың шектесушілерінсіз бірде бір құрылыс салынбаған шығар.

1989 жылдың 15 маусымында Қазақ ҚСР Минмонтажспецстрой бұйрығымен «Казстальмонтаж» СМПО бірлестігі құрылған, оның қармағына алты зауыты бар “Казмонтажстройдеталь” тресті және 23 монтажды басқармасы бар «Казстальконструкция» тресті мен «Казстальмонтаж» тресті, СКПБ,АЗОК және оқу комбинаты кірді. Бұның бәрі іске металл құрылымдар қалдықтары мен құрама темір бетондың шығаруын, жеткізу кестесін айқын жоспарлауды, объектілер құрылысының салу мерзімін қысқартуға мүмкіндік берді. Айналма қаражатты пайдалануды, уақытында жеткізілмеген материалдар үшін бригадалардың бос тұруын, және экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік берді. Бірлестіктің жұмыс кезеңіне 1989 ж.15 маусымынан бастап металл құрылымдар шығаратын зауыттарының жұмыстары жақсартылды. Рудненск, Павлодар, Шымкент және Усть-Каменогоск зауыттары лак және бояу жасау цехтерін ашқаннан кейін кеңейді.

Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың Жарғысы бойынша «Казстальмонтаж» бірлестігі құрылыс компанияларының арсында бірінші жекешелендіруді өткізді, ол 1992 жылдың маусым айында ұжымның жалпы жиналысында «Имсталькон» Ашық Акционерлік қоғамға айналды.

АҚ-ның басты идеологиясы мен стратегиясы, құрылыста өзара қолдау мен өзара қолдау корпоратившілік тәрбие алуы. Бірде бір жинақтау фирма тығызтаяң мерзім ішінде ірі құрылыс объектісінің салуында өз бетімен салу мерзімі мен жұмыс көлемін көтере алмайтыны анық.. Сондықтан объекттер құрылысы бірнеше жинақтау фирмалар мен зауыттарға тапсырылады, ал өндірісті үйлестіру мен қамтамасыз етуді бас директордың орынбасарларының бірі акционерлік қоғамның аппаратымен бірге шұғылданады.

Совет Одағының күйреуі мен Маңғыстау облысынан одақтық құрылыс мекемелерінің кетуімен байланысты біз Өзен және Маңғыстауда мұнайгаз кешенін салуға учаскелер алдық. Біз1994 жылдан 2005 жылға дейін Атырау МӨЗ-да «ӨзенМұнайГаз»-ға, «МаңғыстауМұнайГаз»-ға, «ҚаражанбасМұнайГаз»-ға, «ЭмбаМұнайГаз»-ға жүздеген 1000 кб.ден 20000 кб.дейін сыйымдылықтардың құбырлық біріктірулерін дайындадық.

Қоғам қоғамдық және азаматтық ғимараттар мен арнайы және бірегей имараттардың құрылысында үлкен табыстарға жетті. Алматы қаласында, бұл жер сейсмикалық қауіпті жерге жатады, қоғамның мамандарының тікелей қатысуымен өте күрделі объектілер салынған. Олардың ішінде – Көк-Төбеде биіктігі 372 м. телемұнара, 26 қабатты «Қазақстан» мейманхана, биік тұрғын үйлер, Спорт сарайы, Республика сарайы, цирк, АТС.Алматыда 2004 жылы «кілітіне дейінгі» Халықаралық әуежайы құрылысы ойдағыдай өтті. «Адем» және «Променад» сауда үйлері, «Алматы Мега орталығы» ойын-сауық сауда орталығы, «Рахат-Тауэрс» кешені салынып бітті. Қазақстан астанасы Астана қаласында Парламент ғимараты, Республика сарайы, «Евразия» сауда орталығы, Спорт сарайы, жаңа Халықаралық әуежайы, Есіл өзенінен көпір салынған. Павлодар облысында Ақсу ферробалқыту зауыты, Ақтөбе облысында Донской ГОК, Ақтөбе ферробалқыту зауыты сияқты ірі объектілер салынған.

Ұжымның ерекше мақтанышы дарынды сәулетшісі Ақмырза Рустамбековтың әзірленімі бойынша «Астана-Байтерек» бірегей монументі салынған.

«Имсталькон» АҚ-ның қатысуымен мұнай өңдеу өнеркәсібі , қара және түсті металлургия, химиялық, машина жасау, тамақ және ет сүт өнеркәсіптері үшін жүздеген объектілер салынып іске кіріскен.

«National Business» журналымен өткізілген рейтингке сай 2004 жылы «Имсталькон» АҚ Қазақстанның ең ірі компанияларының төрттігіне кірді. Қоғам мұндай жоғары нәтижеге ие болғаны мекемеде ширек ғасыр бойы, кейбіреулері 40 жылдан астам істеген, жоғары білікті инженерлік-техникалық кадрлерінің бары.