Новости

29.06.2020

«ИМСТАЛЬКОН» АҚ КРЕДИТОРЛАРЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ 2020 ЖЫЛДЫҢ 14 ШIЛДЕСІНДЕ ӨТЕДІ.

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 24-бабына және 25-бабына сәйкес «Имсталькон» АҚ кредиторлар жиналысы 2020 жылы 14 шілдеде сағат 10-30-да Алматы қ., Айманов к-сі, 140, 58а тұрғын емес үй-жай мекенжайы бойынша өтетінін хабарлаймыз.

Жиналыстың күн тәртібі:

1. Оңалту жоспарына өзгерістер енгізу.

Қатысушылардың өздерімен бірге кредиторлар жиналысында кредитордың мүддесін білдіру құқығын растайтын құжаттары болуы тиіс.

Қатысушыларды тіркеу жиналыс өтетін жерде сағат 9: 00-ден 10: 30-ға дейін жүргізіледі.

Отырыс материалдарымен жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекен-жай бойынша танысуға болады: Алматы қ., Айманов к-сі, 140, 58а тұрғын емес үй-жай

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес, егер жиналысқа тікелей қатысу мүмкін болмаса, кредитор сырттай дауыс беруге, оның ішінде пошта арқылы тапсырыс хатпен немесе электрондық тәсілмен дауыс беруге құқылы. Бұл ретте, егер кредитор сырттай дауыс берсе, ол бұл туралы оңалту басқарушысына жиналыс өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс.