Услуги

ОРТАЛЫҚ ЖИНАҚТАУ–ПІСІРУ ЗЕРТХАНАСЫ

«Имсталькон» акционерлік қоғамы Халықаралық Пісіру институтының мүшесі болып табылатын «Kazweld» тәуелсіз ассоциациясының құрамына кіреді.

Құрамында Орталық жинақтау–пісіру зертханасы бар «Имсталькон» АҚ өз өнімінің сапасын детальды бағалауға мүмкіндігі бар.

Зертхана мамандары пісірумен қосу сапасын бақылау жұмыстардың келесі түрлерін жүзеге асырады:

Бұзбай бақылау әдісімен:

  • -рентгендік бақылау;
  • -ультра дыбыстық бақылау;
  • -вакуумдық бақылау;
  • -түрлі-түсті дефектоскопиялық бақылау;
  • -көзбен шолу-өлшеулік бақылау.

Бұзып бақылау әдісімен (механикалық сынақтар):

  • -жыру;
  • -бүгу;
  • -соққы тұтқырлығы.
Пісірілген қосылыстардың сапасына
блақылау жүргізу
Ультрадыбыстық
металл қалыңдық өлшегіші

Мамандар – “Имсталькон” АҚ-ның тексерушілері мен дефектоскопистері – оқу курстарынан өткендігі туралы сәйкесті куәліктерге ие және үнемі өздерінің кәсіби деңгейін Маңқыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жетілдіреді.

«Имсталькон” АҚ-ның зертханасы құрамында физикалық (бұзбау) және бұзып бақылау (механикалық сынақтар) секілді дәнекер әдістерімен пісірілген қосылыстардың сапасының бақылауын анықтайтын өлшеу аспаптарымен жабдықталған.

Имсталькон” АҚ-ның Зертханасы рентгендік бақылауды өткізуге Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстары министрлігінің Атомдық энергетика комиті берген «Иондалған сәулелендіру жарық көздерімен айналысу»-ға 2015ж. 04 тамызда берілген № 15014410 Мемлекеттік лицензиясы бар.

2016 жылы «Имсталькон» АҚ Орталық жинақтау-пісіру зертханасының бұзбай бақылау мен пісіру жіктерінің механикалық сынақ жүргізуінің барлық түрлерін орындау үшін Аккредитация туралы куәлік алу арқылы «Аккредиттелген зертхана» мәртебесін растады.

2012 ж Орталық жинақтау–пісіру зертханасында «Имсталькон” АҚ-ның І және ІІ деңгейлі пісіруші мамандарын, бұзбай бақылау саласындағы мамандарды аттестаттау және қайта аттестаттау жөніндегі Аттестаттау орталығы келесі жұмыс түрлеріне құрылған:

    -көзбен шолу-өлшеулік бақылау әдісі (ВИК);
  • -ультра дыбыстық бақылау әдісі (УЗК);
  • -рентгендік бақылау әдісі (РК);
  • -капиллярлық бақылау әдісі (ПВК/ПВТ);
  • -магниттік ұнтақты бақылау әдісі (МК).

“Имсталькон” АҚ кадрларының, әсіресе жұмыскер мамандарының, білім алуына орасан зор көңіл бөледі. Орталық жинақтау–пісіру зертханасының өндірістік базасында І және ІІ-ші деңгейлі пісіру өндірісі мамандарын, электрпісірушілерді ESAB, Linkoln, Fronius және т.б.фирмалардың құрал-саймандары бойынша дайындау, қайта дайындау және аттестаттау жөнінде оқу-курстік сабақтарын мен аттестаттау жұмыстары жүргізіледі.