БАС ДИРЕКТОР

БАС ДИРЕКТОР

Михаил Михайлович Резунов

«Имсталькон» АҚ-ның бас директоры, «Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

1947 жылы Брянск облысында туған

Еңбек қызметін Теміртау қаласында Қазақ КСР-нің Минтяжстрой «Казметаллургстрой» трестінің автобазасында механик болып бастаған.

1969 жылдан бастап 1977 жылға дейін Қазақ КСР-нің Минмонтажспецстрой «Казстальконструкция» №1 трестінің Теміртау мамандырылған басқармасында жинақтаушы, ұстаханашы, жұмыс өндіруші, аға жұмыс өндірушісі болып жұмыс істеген.

Одан әрі 1985 жылдың ақпан айынан Қарағанды мамандырылған басқармасының бас инженері қызметіне ұсынылған, кейін Қазақ КСР-нің Минмонтажспецстрой «Казстальмонтаж» трестіне бас инженер болып тағайындалған. Мамандырылған «Казстальмонтаж» жинақтау-өнеркәсіптік бірлестігі құрылғаннан кейін бас инженердің қызметін атқарды.

1989 жыдан 1992 жылға дейін Қазақ КСР-нің Минмонтажспецстрой мамандырылған жинақтау-өнеркәсіптік бірлестігінің бас инженері.

1992 жылдың мамыр айынан 2011 жылға дейін «Имсталькон» АҚ–ның бас инженері – бас директордың бірінші орынбасары.

2011ж. мамыр айынан «Имсталькон» АҚ-ның бас директоры.