Акционерам

23.07.2021

АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ КЕҢЕСІ 2021 ЖЫЛЫ 26 ТАМЫЗДА 11-00-ДЕ ӨТЕДІ

 «Имсталькон» акционерлік қоғамы (орналасқан мекен-жайы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айманов көшесі, 140 үй, 58а тұрғын емес үй), Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 37-бабына сәйкес Акционерлік қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасымен  акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізілуі туралы хабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2021 жылы 26 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 11-00-де Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140 үй, 58а тұрғын емес үй мекен-жайы бойынша, конференц-залда өтеді.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2021 жылы 26 тамызда жергілікті уақыт бойынша 09-00-ден 10-30 сағатқа дейін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүргізіледі.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға және оған дауыс беруге құқылы акционерлердің тізімі 2021 жылғы 20 тамыз арылығында жасалған.

Жиналыста акционерлерді тіркеу процесін оңтайландыру үшін акционерлердің өкілдерінің сенімхатының көшірмесін N.Yemelyanova@imstalcon.kz электронды поштасына 2021 жылдың 24 тамызынан кешіктірмей жіберуді сұраймыз.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:

1.  Шот комиссияның өкілеттік мерзімі  және сандық құрамы мен оның мүшелерін анықтау.

2. «Имсталькон» АҚ-ның 2020 жылға жылдық қаржы есебін бекіту.

3. 2020 жылға таза кірісті бөлу тәртібін және бір жай акцияға 2020 қаржы жылына дивиденд мөлшерін анықтау.

4. Акционерлердің «Имсталькон» АҚ-ның және оның лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы.

Қоғамның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы, егер бірінші жиналыс кворумның болмауына байланысты өтпесе, сол мекен-жай бойынша 2021 жылдың 27 тамызында жергілікті уақыт бойынша 11-00-ге жоспарланған.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдармен Қоғамның орналасқан жері бойынша жиналыс өткізілетін күннен 10 күн бұрын жұмыс күндері 8: 00-ден 17: 00-ге дейін танысуға болады. Анықтама үшін телефон: +7 (702) 351-55-98; + 7 (727) 338-77-12.