«ИМСТАЛЬКОН» АҚ КРЕДИТОРЛАРЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ 2021 жылғы 11 қараша өтеді.
25.10.2021
«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының 24 және 25 баптарына сәйкес «Имсталькон» АҚ кредиторларының жиналысы 2021 жылғы 11 қараша сағат 11-00-де өтетінін хабарлаймыз.
Жиналыстың күн тәртібі:
1. Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару туралы хабарлама.
COVID-19 вирусы тудырған індетке және форумдар, конференциялар және басқа да ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салуға байланысты кредиторлар жиналысы бейнеконференцбайланыс пішімінде өткізілетін болады. Бейнеконференцияға қосылу жөніндегі нұсқаулықтар және жиналыс материалдары (танысу үшін) электрондық мекенжайға жіберілген сұрау салуға жауап ретінде жіберілетін болады: info@imstalcon.kz
«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес жиналысқа тікелей қатысу мүмкін болмаған жағдайда кредитор сырттай, оның ішінде пошта арқылы тапсырыс хатпен немесе электрондық тәсілмен дауыс беруге құқылы. Бұл ретте, егер кредитор сырттай дауыс берсе, ол жиналыс өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы оңалтушы басқарушыға хабарлауға тиіс.