“Имсталькон” АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2009 жылдың 27 тамызында өтті. Жиналысқа 53 акционер (олардың өкілдері) қатысты, олардың барлығы Қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санынан 80,62 пайызды құрайтын 3 869…

“Имсталькон” АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2009 жылдың 27 тамызында өтті. Жиналысқа 53 акционер (олардың өкілдері) қатысты, олардың барлығы Қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санынан 80,62 пайызды құрайтын 3 869 921 дауысқа ие.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының Күн тәртібі бойынша дауыс берудің қорытындысы мынадай:

1. Екінші облигациялық бағдарламаның шығару проспектісін бекіту.

Шешім қабылданды:

Екінші облигациялық бағдарлама – сомасы 12 000 000 000 (он екі миллиард) теңгеге шығарылсын.

Дауыс берудің қорытындысы: “дауыс берілсін” – бір дауыспен.

2.Қоғамның заңды мекен-жайының өзгеруімен байланысты Жарғыға өзгерістер енгізілсін.

Шешім қабылданды:

2.1. “Имсталькон” Акционерлік Қоғамының орналасқан жері (заңды мекен-жайы) осы мекен-жайы бойынша бекітілсін: Қазақстан Республикасы, 050063, Алматы қаласы, 2-Жетісу ш/ауданы, 71 “В”.

2.2. “Имсталькон” Акционерлік қоғамының Жарғысына № 1 Өзгертуі бекітілсін.

2.3. “Имсталькон” АҚ Бас директоры В.Т.Кананыхинге “Имсталькон” Акционерлік қоғамының Жарғысына № 1 Өзгертуіне қол қоюы тапсырылсын.

2.4. “Имсталькон” Акционерлік қоғамының Жарғысына № 1 Өзгертудің тіркеуі өкілетті мемлекеттік органда өткізілсін.

Дауыс берудің қорытындысы: “дауыс берілсін” – бір дауыспен”.