“Имсталькон” Акционерлік қоғамы, орналасқан мекен-жайы: 050063, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жетісу-2 ықшам ауданы, 71 «В», шектелмеген инвесторлар топтарына бірінші облигациялық бағдарлама шығарылымының шеңберінде облигациялардың бірінші шыға…

“Имсталькон” Акционерлік қоғамы, орналасқан мекен-жайы: 050063, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жетісу-2 ықшам ауданы, 71 «В», шектелмеген инвесторлар топтарына бірінші облигациялық бағдарлама шығарылымының шеңберінде облигациялардың бірінші шығарылымын орналастыру туралы барша мұдделі тұлғаларға жариялайды.
Орналастыруға жататын облигациялардың шығарылымы туралы мәліметтер:

1) қағаз түрі – қамсыздандырылмайтын купондық облигациялар;

2) шығарылымның мемлекеттік тіркеу датасы – 2009 ж. 08 шілде;

3) ұлттық теңдестіру нөмірі – KZP01Y07D549;

4) облигациялардың бірінші шығарылымының саны – 40 000 000 (қырық миллион) купондық облигациялар;

5) номиналды бағасы 100 (жүз) теңге;

6) сыйақы төлеудің мерзімділігі – бір жылда 2 (екі) рет, облигациялардың айналымының әр 6 (алты) айынан кейін;

7) облигациялардың айналым мерзімі – облигациялардың айналымының басталу датасынан 7 жыл;

8) акционерлер облигацияларға артықшылықпен сатып алуға құқылары жоқ, өйткені қоғамның облигациялары айырбасталмайды;

9) облигациялық шығарылымының проспектісімен және басқа да олар туралы ақпараттарды қоғамның орналасқан мекен-жайы бойынша Чудаева Ольга Владимировнадан алуға болады;

10) облигациялардың орналастыру бағасы – шартты;

11) төлем ақшалай жүргізіледі;

12) анықтама телефоны: 222-03-87.