Қоғамның өз сатып алынған акцияларын сату туралы

«Имсталькон» АҚ өз акционерлеріне 28.03.2013 ж. өткен Директорлар кеңесінде № 242-ДК шешім қабылдағанын жариялайды: өз жай акцияларын, саны – 1 940 001 (бір миллион тоғыз жүз қырық мың бір) дана, 2 718 (екі мың жеті жүз он сегіз) теңге 45 тиынға сата алатындарын.

Өтінімдер акционерлерден жазбаша түрде сату туралы хабарламаның шыққан күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн аралығында мына мекен-жайы бойынша қабылданады: Алматы қ., Айманов к-сі, 140 үй. «Имсталькон» АҚ-дан байланысатын тұлға – Емельянова Наталья Сергеевна, тел. 338-77-17, факсі 338-77-38. Қоғам акционерінің өтінімінде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:

1) қоғам акционерінің сатып алатын бағалы қағаздың саны мен түрі;

2) аты-жөні, тегі ( әкесінің аты – бар болса), құжат реквизиттері, жеке куәлігі, тұратын орны, байланысатын телефондары, акционердің немесе қоғам акционері жеке тұлға болған жағдайда, оның өкілінің қолы;

3) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері мен мөрі, бірінші басшының қолы немесе Қазақстан Республикасының заңына сәйкес оның мүдделігіне өкілдік ететін тұлға, егер заңды тұлға қоғам акционері болған жағдайда.

Қоғамның сатып алған акцияларын сататын акциялардың санына есептен алғанда орналастырылған акциялардың санының арақатынасы: (10 000 000 – 1 940 001): 1 940 001 = 4,154. Төрт акцияға ие акционер 1 артықшылығы бар акцияны сатып алуға құқыты.

Артықшылық құқығы бар акциялардың сатып алу төлемі өтім түскен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні аралығында ақшалай жүргізіледі. Егер, осы тармақпен белгіленген мерзімде акция төленбесе, өтінім жарамсыз деп есептеледі.

Артықшылық құқығы бар акциялар толық сатылмаған жағдайда, сатылмаған акциялар ұйымдастырылмаған рынокта сатуға қойылады.