Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер енгізуге қатысты

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының

проспектісіне өзгерістер енгізуге қатысты

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 ж.24.02. шыққан № 72 Қаулысының 2 қосымшасы, 9 тармағына сай «Имсталькон» акционерлік қоғамы, заңды мекен-жайы: Алматы қ., Айманов к-сі, 140 үй, 2013 ж.05.09. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы мекемелер мен қаржы рынокты қадағалау және бақылау жөніндегі комитетімен акция шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен қосымшалар енгізілгенін жариялайды:

1) дауыс беретін акциялардың пайыздық қатынасы қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының, Директорлар кеңесінің және атқару органның мүшелерінің дауыс беретін акцияларының жалпы санының өзгеруі;

2) ішкі аудит қызметінің құрамдарының өзгеруі;

3) қоғам құрылымының өзгеруі;

4)акционерлік қоғамның ірі қатысушы болып табылатын және жарғылық капиталындағы пайыздық қатысу үлесі бар мекемелер туралы деректер.

Өзгерістер енгізудің негізі: «Имсталькон» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 2012 ж. 14.05. өткен отырысының № 246-ДК шешімі, «Имсталькон» АҚ акционерлерінің 2013 ж. 02.07. өткен жиналысының № 250- ДК шешімі.