Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер енгізуге қатысты
14.04.2014
«Имсталькон» акционерлік қоғамы, заңды мекен-жайы: Алматы қ., Айманов к-сі, 140 үй, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы мекемелер мен қаржы рынокты қадағалау және бақылау жөніндегі комитетімен 10.04.2014ж. екінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының проспектісіне № 18 өзгерістер мен қосымшалар енгізілгені туралы және бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының проспектісіне № 19 өзгерістер мен қосымшалар енгізілгені туралы жариялайды. Өзгерістер «Имсталькон» АҚ-ның Түрікменстандағы филиалының заңды тұлғаларын Бірыңғай мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы Түрікменстанның инвестициялық жобаларымен және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жөніндегі Басқарманың құжаттарын алумен байланысты енгізілген .