Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектлеріне өзгертулерге қатысты

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24-ақпандағы №72 Қаулысының 2-қосымшасының 9-тармақшасына сәйкес «Имсталькон» акционерлік қоғамы, заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58-үй-жай, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 14.07.2014 ж. акциялар шығарылымының проспектісіне №30 өзгертулер мен толықтыруларды, екінші облигациялық бағдарлама шығарылымының проспектісіне №20 өзгертулер мен толықтыруларды және бірінші облигациялық бағдарлама шығарылымының проспектісіне №21 өзгертулер мен толықтыруларды тіркегенін хабарлайды. Өзгертулер «Имсталькон» АҚ басқару құрылымының өзгеруіне, «Розетти-Имсталькон» ЖШС қызметін тоқтатуға, қоғам ірі қатысушысы болып табылатын еншілес ұйымдардың мекен-жайының өзгеруіне, «Имсталькон-Атырау» ЖШС жаңа директорын тағайындауға байланысты енгізілді.