Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер енгізуге қатысты

«Имсталькон» акционерлік қоғамы, заңды
мекен-жайы: Алматы қ., Айманов к-сі, 140 үй, 58 бөлме, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Қаржы мекемелер мен қаржы рынокты қадағалау және бақылау
жөніндегі комитетімен 22.08.2014ж. акция шығарылымының проспектісіне № 29
өзгерістер мен қосымшалар, облигациялық бағдарламаның екінші шығарылымына № 19
өзгерістер мен қосымшалар және облигациялық бағдарламаның бірінші шығарылымына
№ 20 өзгерістер мен қосымшалар тіркелгені туралы жариялайды. Өзгерістер қоғамның
және еншілес мекемелері мен қоғам ірі акционер болып табылатын үйымдарының
мекен-жайларын анықтаумен, тәуелсіз директордың сайлауымен, қоғамның аудиторлық
компаниясының өзгеруімен, ірі акционердің, дауыс беретін акцияларының пайыздық
қатынасы қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санына қатысты өзгеруімен, «Единый
регистратор ценных бумаг» АҚ-ның тіркеушісімен келісім-шарттың өзгеруімен және
типтік түрдегі шартқа 01.01.2014 ж. қосумен, корпоративтік кодексті жаңа
редакцияда қабылдаумен, акциялардың түрінің өзгеруімен байланысты енгізілген.
Қоғамда 1 000 000 жай акциялар түрінің артықшылықты
акцияларға өзгеруімен байланысты: 15 000 000 жарияланған акциялардың
14 000 000 жай акциялар (оның ішінде 10 000 000 жай акциялар орналастырылған)
және 1 000 000 артықшылықты акциялар
(орналастырылмаған)