Акционерлер жалпы жиналысының шешімі туралы

«Имсталькон» акционерлік қоғамы, заңды мекен-жайы: Алматы қ., Айманов к-сі, 140, 58 үй-жай, төмендегілерді жариялайды: «Имсталькон» АҚ-ның Жарғысына сай 2015ж. 26 ақпанында Алматы қ., Айманов к-сі, 140 үй, 58 үй-жай мекен-жайы бойынша Акционерлер жалпы жиналысының кезектен тыс отырысы
өтті.

Директорлар кеңесінің күн тәртібі:

1. «Имсталькон» АҚ-ның жаңа заңды мекен-жайын анықтау.

2.«Имсталькон» АҚ-ның жарғысын жаңа редакцияда бекіту.

3. «Имсталькон» АҚ-ның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық компанияны белгілеу.

Күн тәртібінің мәселері бойынша:

дауысқа салып өткізілді: «Иә» – 6 618 078 дауыс, «қарсы» – жоқ, «тартыну» – жоқ.

Шешім қабылданды:

1. «Имсталькон» АҚ-ның жаңа заңды мекен-жайын бекіту (анықтау):
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айманов к-сі, 140, 58а тұрғын емес үй-жай.

2.1. «Имсталькон» АҚ-ның жарғысы жаңа редакцияда бекітілсін.

2.2. Бас директор М.М.Резуновқа «Имсталькон» АҚ-ның жарғысына қол қою тапсырылсын.

2.3.Өкілетті мемлекеттік орган «Имсталькон» АҚ-ның жаңа заңды мекен-жайының өзгеруі
туралы және «Имсталькон» АҚ-ның жарғысын жаңа редакцияда бекітілгені (анықталғаны) туралы хабардар етілсін.

3.1. 2014 жылы таңдалған «BDO Казахстан аудит» ЖШС аудиторлық компания US GAAP (Құрама
Штаттың ұлттық жүйесінің бухгалтерлік есебінің көпшілік мақұлдаған принциптері) стандарттары бойынша «Имсталькон» АҚ-ның қаржылық есептемесін шолуды жүргізу үшін қалдырылсын.

3.2. МСФО бойынша «Имсталькон» АҚ-ның қаржылық есептемесін жүргізу үшін «Almir Consulting»
ЖШС аудиторлық компаниясы бекіиілсін.