Бағалы қағаздар шығарылымы проспектілеріне өзгертулерге қатысты

«Имсталькон» акционерлік қоғамы, барлық мүдделі тұлғаларға 11.06.2015 ж. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акциялар шығарылымы проспектісіне №36 өзгертулер мен толықтыруларды, сондай-ақ бірінші және екінші облигациялық бағдарламалар шығарылымы проспектілеріне №28, 29 өзгертулер мен толықтыруларды тіркегенін хабарлайды. Өзгертулер келесілерге байланысты енгізілді:

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы «Имсталькон» АҚ акцияларды сатып алу кезінде олардың құнын анықтаудың өзгертілген әдістемесін бекіту (қоса тіркелген);

15.05.2015ж. акционерлер жиналысымен қабылданған орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау жөніндегі шешімнің күшін жою;

Ішкі аудит құрамын өзгерту;

Ірі акционер туралы мәліметтерді өзгерту;

Қоғам басшысы орынбасарларының және бөлімшелер басшыларының құрамын өзгерту.