«Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезекті жылдық жалпы жиналысын шақырту
26.07.2018
«Имсталькон» акционерлік қоғамы, заңды мекен-жайы: Алматы қ., Айманов к-сі, 140, 58а тұрғын емес үй-жай, 2018 ж. 25 шілдеде Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткені туралы жариялайды. Онда шешім қабылданған:
- Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезекті жылдық жалпы жиналысын шақырту және оның өту датасын 2018 ж. 28 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00 бекіту.
2.1. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезекті жылдық жалпы жиналысын өткізу орнын және жиналыс қатысушыларының тіркелу мекен-жайын: Алматы қ., Айманов к-сі, 140, 58а тұрғын емес үй-жай, конференцзалда өтуін бекіту. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезекті жылдық жалпы жиналысына 2018 жылдың 28 тамызында шақырылған қатысушыларының тіркеу уақыты жергілікті уақытпен сағат 8-30, ал қатысушылардың тіркеуі аяқталу уақыты сағат 09-30 жергілікті уақытпен бекітілсін.
2.2. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімінің құрастыру датасын және онда дауыс беруді анықтау 2018 ж. 20 тамызда жасалсын.
2.3. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысатын қатысушыларының тізімі, егер, кворумның жоқтығына байланысты бірінші жиналыс өткізілмеген болса, қайта өтетін уақытын 2018 жылдың 29 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00 берілген мекен-жайы бойынша белгіленсін. - «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:
3.1. Шот комиссияның өкілеттік мерзімі және сандық құрамы мен оның мүшелерін анықтау.
3.2. «Имсталькон» АҚ-ның 2017 жылға жылдық қаржы есебін бекіту.
3.3. Қоғамның Жарғысын жаңа редакцияда бекіту.
3.4. Қоғамның 2013-2018 жылдарға Директорлар Кеңесінің қызметі туралы есебі.
3.5.Қоғамның атқару органын сайлау.
3.6. Қоғамның Директорлар Кеңесі мүшелерін жаңа мерзімге сайлау.
3.7. Қоғамның Директорлар Кеңесі мүшелерінің сый ақы төлеу жағдайы мен мөлшерін анықтау.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі туралы құжаттармен Қоғамның орналасқан жерінде жиналыс болатын күнге 10 күн қалған уақытта танысуға болады.