Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2021 жылдың 21 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 11-00-де Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140 үй, тұрғын емес үй 58а, мекен-жайы бойынша өтеді.
15.12.2020
«Имсталькон» акционерлік қоғамы (мекен-жайы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айманова көшесі, 140 үй, тұрғын емес үй 58а), өз акционерлерін Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 37-бабына сәйкес акционерлік қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы туралы хабарлайды.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2021 жылдың 21 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 11-00-де Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140 үй, тұрғын емес үй 58а, мекен-жайы бойынша өтеді.
Жиналысқа қатысушыларды 2021 жылдың 21 қаңтар 09-00-дан 10-30 сағат аралығында жеке куәлікті ұсыну арқылы тіркеледі.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және оған дауыс беруге құқылы акционерлердің тізімі 2021 жылғы 15 қаңтар күніне жасалады.
Жиналыста акционерлерді тіркеуді оңтайландыру үшін акционерлердің өкілдерін 2021 жылдың 18 қаңтардан кешіктірмей сенімхаттардың көшірмесін N.Yemelyanova@old-imstalcon.daria-tkachenko.website электронды почтасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. Коғамды тексеретін аудиторлық ұйымды анықтау.
2. Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесін сайлау.
«Имсталькон» акционерлік қоғамының кезектен тыс жалпы жиналысы, егер бірінші жиналыс бойынша кворум болмауына байланысты өтпейтін болса, сол мекен-жай бойынша 2021 жылғы 22 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 11-00-ге тағайындалған.
«Имсталькон» акционерлік қоғамының акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі туралы материалдарымен Қоғамның орналасқан жері бойынша 2021 жылдың 8 қаңтар күнінен бастап жұмыс күні сағат 8:00-ден 17:00 аралығында танысуға болады. Анықтама үшін телефон: +7 (702) 351-55-98; + 7 (727) 338-77-12