15.12.2020 Ж. «ИМСТАЛЬКОН» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР

«Имсталькон» акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Қоғам) 2020 жылғы 15 желтоқсанда Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140, 58а тұрғын емес үй-жай мекенжайы бойынша Директорлар кеңесінің отырысы өткенін хабарлайды.

Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібі:

1. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы, оның күн тәртібін, өткізілетін күнін, орны мен уақытын бекіту туралы.

2. «Имсталькон»АҚ басқару құрылымын бекіту.

3. 27.10.2020 ж. СД-326 шешімінің күшін жою туралы

4. «Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесінің Ішкі аудит комитеті туралы ережеге өзгерістер енгізу және оны жаңа редакцияда бекіту.

5. «Имсталькон» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережеге өзгерістер енгізу және оны жаңа редакцияда бекіту.

6. Директорлар кеңесінің Ішкі аудит жөніндегі комитетін құру, оның мүшелері мен төрағасын сайлау.

7. Ішкі аудит қызметінің сандық құрамын және өкілеттік мерзімін бекіту, оның қызметкерлерін тағайындау және еңбекке ақы төлеудің жалпы шарттары.

ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР:

1. «Имсталькон «АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы» күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша қабылданған шешім, күн тәртібін, оның өткізілетін күнін, орны мен уақытын бекіту:

1) «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы шақырылсын және оның өткізілетін күні мен уақыты 2021 жылғы 21 қаңтарға жергілікті уақытпен сағат 11-00-де бекітілсін.

2) «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу және жиналысқа қатысушыларды тіркеу орны Алматы қаласы, Айманов көшесі,140 (конференц-зал) мекенжайы бойынша бекітілсін. 2021 жылғы 21 қаңтарға белгіленген Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу уақыты жергілікті уақыт бойынша 09-00-ден 10-30-ға дейін бекітілсін.

3) 2021 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күнін анықтау.

4) «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қайта өткізілетін күні мен уақыты тағайындалсын, егер алғашқы жиналыс кворумның болмауы себебінен өткізілмесе, 2021 жылғы 22 қаңтарға сол мекенжай бойынша жергілікті уақытпен сағат 11-00-де өткізілуге тиіс.

5) Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту:

1. Қоғамға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.

2. Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесін сайлау.

2. Күн тәртібінің «Имсталькон» АҚ басқару құрылымын бекіту туралы екінші мәселе бойынша қабылданған шешім:

«Имсталькон» акционерлік қоғамы басқармасының ұсынылған құрылымы бекітілсін.

3. Күн тәртібінің «27.10.2020 ж. СД-326 шешімінің күшін жою туралы» үшінші мәселесі бойынша қабылданған шешім:

            «Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесінің 27.10.2020 ж. №326-СД шешімінің күші жойылсын.

4. Күн тәртібінің «Имсталькон «АҚ Директорлар кеңесінің Ішкі аудит комитеті туралы ережеге өзгерістер енгізу және оны жаңа редакцияда бекіту» төртінші мәселесі бойынша қабылданған шешім»:

«Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесінің Ішкі аудит комитеті туралы ережеге өзгерістер енгізілсін және ол ұсынылып отырған редакцияда бекітілсін.

5. Күн тәртібінің «Имсталькон» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережеге өзгерістер енгізу және оны жаңа редакцияда бекіту» бесінші мәселесі бойынша қабылданған шешім:

«Имсталькон» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережеге өзгерістер енгізілсін және ол ұсынылып отырған редакцияда бекітілсін.

6. Күн тәртібінің «Директорлар кеңесінің Ішкі аудит жөніндегі комитетін құру, оның мүшелері мен төрағасын сайлау» алтыншы мәселесі бойынша қабылданған шешім:

«Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесінің келесі құрамдағы ішкі аудит жөніндегі комитетін құру:

  • Төраға-Мурадов Х.Я. – Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі;
  • Исаевич О. –  Директорлар кеңесінің мүшесі.

«Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесінің Ішкі аудит жөніндегі комитетінің өкілеттік мерзімі Директорлар кеңесінің қазіргі құрамының өкілеттік мерзіміне белгіленсін.

7.  Күн тәртібінің «Ішкі аудит қызметінің сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін бекіту, оның қызметкерлерін тағайындау және еңбекке ақы төлеудің жалпы шарттары» алтыншы мәселесі бойынша қабылданған шешім:

1) Ішкі аудит қызметінің сандық құрамы 3 (үш) штаттық қызметкер: қызмет басшысы және 2 (екі) аудитор санында айқындалсын.

2) Ішкі аудит қызметінің өкілеттік мерзімін Директорлар кеңесінің қазіргі құрамының өкілеттік мерзіміне белгілесін.

3) Қызмет аудиторлары:

– Ашимова Айгерим Галымовна;

– Ким Петр Евгеньевич тағайындалсын.

4) Қызмет аудиторларына ай сайынғы төлемді анықталсын.

5) Ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне ҚР еңбек заңнамасында және «Имсталькон»АҚ ішкі құжаттарында көзделген барлық кепілдіктер мен өтемақылар қолданылады деп айқындалсын.

6) «Имсталькон» АҚ Бас директоры А.А. Малининге Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерімен еңбек шарттарына қол қою тапсырылсын.

7) Директорлар кеңесінің Ішкі аудит жөніндегі комитетінің төрағасы Х. Я. Мурадовқа Ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымына кандидатураны іздеу, іріктеу және Директорлар кеңесінің бекітуіне шығару жөнінде жұмыс жүргізу тапсырылсын.