«Имсталькон» акционерлік қоғамы, өз акционерлерін Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 37-бабына сәйкес акционерлік қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы туралы хабарлайды.
24.12.2021
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2022 жылдың 24 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 11-00-де Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140 үй, тұрғын емес үй 58а, мекен-жайы бойынша өтеді.
Жиналысқа қатысушыларды 2022 жылдың 24 қаңтар 09-00-дан 10-30 сағат аралығында жеке куәлікті ұсыну арқылы тіркеледі.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және оған дауыс беруге құқылы акционерлердің тізімі 2022 жылғы 20 қаңтар күніне жасалады.
Жиналыста акционерлерді тіркеуді оңтайландыру үшін акционерлердің өкілдерін 2022 жылдың 19 қаңтардан кешіктірмей сенімхаттардың көшірмесін t.barceva@imstalcon.kz электронды почтасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. «Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшері мен төлеу мерзімдерін анықтау.
2. Директорлар кеңесінің мүшелеріне бонустық төлемдер.
«Имсталькон» акционерлік қоғамының кезектен тыс жалпы жиналысы, егер бірінші жиналыс бойынша кворум болмауына байланысты өтпейтін болса, сол мекен-жай бойынша 2022 жылғы 25 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 11-00-ге тағайындалған.
«Имсталькон» акционерлік қоғамының акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі туралы материалдарымен Қоғамның орналасқан жері бойынша 2022 жылдың 14 қаңтар күнінен бастап жұмыс күні сағат 8:00-ден 17:00 аралығында танысуға болады. Анықтама үшін телефон: +7 (702) 351-55-98; + 7 (727) 338-77-12