«Имсталькон» акционерлік қоғамы өз акционерлерін Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 37-бабына сәйкес акционерлік қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы туралы хабарлайды.
7.02.2022
«Имсталькон» акционерлік қоғамы (мекен-жайы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айманова көшесі, 140 үй, тұрғын емес үй 58а), өз акционерлерін Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 37-бабына сәйкес акционерлік қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы туралы хабарлайды.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2022 жылдың 10 наурыз жергілікті уақыт бойынша сағат 11-00-де Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140 үй, тұрғын емес үй 58а, мекен-жайы бойынша өтеді.
Жиналысқа қатысушыларды 2022 жылдың 10 наурыз 09-00-дан 10-30 сағат аралығында жеке куәлікті ұсыну арқылы тіркеледі.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және оған дауыс беруге құқылы акционерлердің тізімі 2022 жылғы 1 наурыз күніне жасалады.
Жиналыста акционерлерді тіркеуді оңтайландыру үшін акционерлердің өкілдерін 2022 жылдың 3 наурыздан кешіктірмей сенімхаттардың көшірмесін z.kumarbekova@imstalcon.kz электронды почтасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. Есеп комиссиясының мүшесін сайлау.
2. Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесін сайлау.
«Имсталькон» акционерлік қоғамының кезектен тыс жалпы жиналысы, егер бірінші жиналыс бойынша кворум болмауына байланысты өтпейтін болса, сол мекен-жай бойынша 2022 жылғы 11 наурызда жергілікті уақыт бойынша 11-00-ге тағайындалған.
«Имсталькон» акционерлік қоғамының акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі туралы материалдарымен Қоғамның орналасқан жері бойынша 2022 жылдың 1 наруыз күнінен бастап жұмыс күні сағат 8:00-ден 17:00 аралығында танысуға болады.
Анықтама үшін телефон:
+7 (702) 351-55-98;
+ 7 (727) 338-77-12