«ИМСТАЛЬКОН» АҚ КРЕДИТОРЛАРЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ 2025 жылғы 30 сәуірде өтеді.
16.04.2025
«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының 24 және 25 баптарына сәйкес «Имсталькон» АҚ кредиторларының жиналысы 2025 жылғы 30 сәуір сағат 10-00-де өтетінін хабарлаймыз.
Жиналыстың күн тәртібі:
1. «Имсталькон» АҚ оңалту рәсімін тоқтату.
2. «Имсталькон» АҚ оңалту басқарушысының қорытынды есебін келісу.
Кредиторлар жиналысы бейнеконференцбайланыс форматында өткізіледі. Бейнеконференцияға қосылу жөніндегі нұсқаулықтар және жиналыс материалдары (танысу үшін) info@imstalcon.kz электрондық мекенжайға жіберілген сұрау салуға жауап ретінде жіберілетін болады
«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының 25 б. 3 т. сәйкес жиналысқа тікелей қатысу мүмкін болмаған жағдайда кредитор сырттай, оның ішінде пошта арқылы тапсырыс хатпен немесе электрондық тәсілмен дауыс беруге құқылы. Бұл ретте, егер кредитор сырттай дауыс берсе, ол жиналыс өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы оңалтушы басқарушыға хабарлауға тиіс.