2025 жылғы 26 тамызда Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
24.08.2025
«Имсталькон» акционерлік қоғамы Бас директор Малинин А.А. атынан Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 37-бабына сәйкес Қоғам директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылатын акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2025 жылғы 26 тамызда сағат 10:00-де Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а-бейкоммерциялық үй-жай, 3-қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша өтеді.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 26 тамыз 2025 жылы сағат 08:30-дан 09:30-ға дейін өтеді. Тіркелу кезінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Акционерлердің өкілдері сенімхат болған жағдайда қатыса алады.
Жиналысқа қатысу және дауыс беру құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша жасалады. Тіркеуді жеңілдету үшін сенімхат негізіндегі өкілдерден сенімхат көшірмесін 2025 жылғы 15 тамызға дейін a.kamshibaeva@imstalcon.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Жылдық жалпы жиналыстың күн тәртібі:
- Санақ комиссиясының мүшесін сайлау.
- 2024 жылға арналған қаржылық есептілікті бекіту.
- 2024 жылғы таза кірісті бөлу тәртібі мен бір жай акцияға есептелетін дивиденд мөлшерін анықтау.
- «Имсталькон» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты акционерлердің өтініштері мен оларды қарау нәтижелері.
- Директорлар кеңесі мен атқарушы орган мүшелерінің сыйақысы туралы ақпарат беру.
Кворум болмаған жағдайда жылдық жалпы жиналыс 2025 жылғы 27 тамызда сағат 10:00-де сол мекенжайда өтеді.
Жиналыс Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы мен Қоғам Жарғысына сәйкес очно тәртіпте өткізіледі. Заочное дауыс беру қарастырылмаған.
Күн тәртібі бойынша материалдар жиналысқа 10 күн қалғанда Қоғам мекен-жайында жұмыс күндері 08:00-17:00 аралығында қолжетімді болады.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондар: +7 (702) 351-55-98, +7 (727) 338-77-12.