«Имсталькон» АҚ акционерлерініңжылдықжалпыжиналысыныңөткізілуіжәнеқабылданғаншешімдертуралыхабарлама

«Имсталькон» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерді және мүдделі тұлғаларды 2025 жылғы 26 тамызда акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткендігі туралы хабардар етеді. Жиналыс Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140, 58а бөлінген үй-жай мекенжайы бойынша өткізілді.

Акционерлердіңжылдықжалпыжиналысыныңкүнтәртібі:

  1. Санақ комиссиясының мүшесін сайлау туралы.
  2. 2024 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы.
  3. 2024 жылғы таза табысты бөлу тәртібі мен жай акциялар бойынша дивиденд мөлшерін айқындау туралы.
  4. «Имсталькон» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің жүгінулері және оларды қарау нәтижелері туралы.
  5. «Имсталькон» АҚ директорлар кеңесі мен атқарушы органының мүшелеріне төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы акционерлерді хабардар ету туралы.

Акционерлердіңжылдықжалпыжиналысыныңқорытындыларыжәнеқабылданғаншешімдер:

  1. Санақкомиссиясыныңмүшесінсайлаутуралымәселебойынша:
     Санақ комиссиясының мүшесі ретінде Ставинога Т.Д. сайланды, оның өкілеттік мерзімі – комиссияның қазіргі құрамының өкілеттік мерзіміне сәйкес. Санақ комиссиясының төрағасы болып Губа Р.В. сайланды.
  2. 2024 жылғаарналғанжылдыққаржылықесептіліктібекітутуралымәселебойынша:
     Қоғамның 2024 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.
  3. 2024 жылғы таза табыстыбөлутәртібіжәнежайакцияларбойынша дивиденд мөлшерітуралымәселебойынша:
     2024 жылға арналған Қоғамның таза табысын бөлмеу туралы шешім қабылданды.
     2024 жылдың қорытындысы бойынша жай акцияларға дивидендтер есептелмейді.
  4. Акционерлердіңжүгінулерітуралымәселебойынша:
     2024 жылы акционерлердің Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты жүгінулері және оларды қарау нәтижелері туралы ақпарат назарға алынды.
  5. Сыйақылармөлшері мен құрамытуралымәселебойынша:
     Қоғамның директорлар кеңесі мен атқарушы органының мүшелеріне төленетін сыйақылардың мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынды.