«Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткізілуі және қабылданған шешімдер туралы хабарлама

«Имсталькон» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерді және мүдделі тұлғаларды 2025 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140, №58а қызметтік емес үй-жай мекенжайында Қоғамның жылдық жалпы акционерлер жиналысы өткізілгені туралы хабардар етеді.

Жылдық жалпы акционерлер жиналысының күн тәртібі:

  1. Санақ комиссиясының мүшесін сайлау туралы.
  2. 2024 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы.
  3. 2024 жылға таза кірісті бөлу тәртібін және 2024 қаржы жылы үшін бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін айқындау туралы.
  4. «Имсталькон» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы.
  5. «Имсталькон» АҚ директорлар кеңесі мен атқарушы органының мүшелеріне төленетін сыйақының мөлшері мен құрылымы туралы акционерлерді хабардар ету туралы.
  6. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ пайдасына кепіл беру және мүлікті сотсыз сату, сондай-ақ міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында банкке кепілдік беру туралы келісім беру туралы.
  7. Кредиттік желі туралы келісімге қосымша келісім жасасу туралы.

Жиналыстың қорытындылары және қабылданған шешімдер:

  1. Бірінші мәселе бойынша:
    Санақ комиссиясының мүшесі ретінде Ставинога Т.Д. сайланды, өкілеттік мерзімі – комиссияның қолданыстағы құрамының мерзіміне тең. Комиссия төрағасы болып Губа Р.В. сайланды.
  2. Екінші мәселе бойынша:
    Қоғамның 2024 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.
  3. Үшінші мәселе бойынша:
    2024 жылға таза кірісті бөлмеу туралы шешім қабылданды. Жай акциялар бойынша дивидендтер төленбейді.
  4. Төртінші мәселе бойынша:
    2024 жылы акционерлердің өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы ақпарат назарға алынды.
  5. Бесінші мәселе бойынша:
    Директорлар кеңесі мен атқарушы орган мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрылымы туралы ақпарат назарға алынды.
  6. Алтыншы мәселе бойынша:
    Кепілге берілген мүлікті сотсыз өткізуге келісім беру және Соглашение шеңберінде алынған кредитті қамтамасыз ету мақсатында кепіл беру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, қаржыландыру шарттары өзгерген жағдайда  кепілдікті 30 000 000 000,00 (отыз миллиард) теңгеге беруге және оны автоматты түрде ұлғайтуға келісім берілді.
  7. Жетінші мәселе бойынша:
    Кредиттік желінің сомасын 50 000 000 000,00 (елу миллиард) теңгеге дейін ұлғайту және «Имсталькон» АҚ-ны толық ортақ қарыз алушы ретінде қосу туралы Соглашениеге қосымша келісім жасасуға келісім берілді. Сондай-ақ, қаржыландыру шарттарын өзгерту бойынша кейінгі келісімдерге  қол қоюға және барлық қажетті құжаттарға қол қоюға «Имсталькон» АҚ бас директорына дербес өкілеттік берілді.