«Имсталькон» акционерлікқоғамыакционерлерініңкезектентысжалпыжиналысы 2025 жылы 16 қазанда сағат 10:00-де өтеді

«Имсталькон» акционерлікқоғамы Бас директор Малинин А.А.-ныңатынанөзакционерлерінеҚазақстанРеспубликасының «Акционерлікқоғамдартуралы» Заңының 37-бабына сәйкесҚоғамныңДиректорларкеңесініңбастамасыменшақырылғанакционерлердіңкезектентысжалпыжиналысыныңөткізілетінітуралыхабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2025 жылғы 16 қазанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де мына мекенжайда өтеді: Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а бөлме (тұрғын емес), 3-қабат, конференц-зал.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу жиналыс өтетін күні, 2025 жылғы 16 қазанда, сағат 08:30-дан 09:30-ға дейін, жиналыс өтетін мекенжайда жүргізіледі. Тіркелу кезінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет. Акционерлердің өкілдері тиісті түрде ресімделген сенімхат негізінде қатыса алады.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру құқығына ие акционерлердің тізімі 2025 жылғы 10 қазандағы жағдай бойынша жасалады. Тіркеу процесін оңтайландыру мақсатында, сенімхат негізінде әрекет ететін акционерлердің өкілдерінен сенімхаттың көшірмесін 2025 жылғы 6 қазаннан кешіктірмей a.kamshibaeva@imstalcon.kz электрондық поштасына жіберулерін сұраймыз.

Кезектентысжалпыжиналыстыңкүнтәртібі:

  1. «Имсталькон» АҚ-ның атқарушы органын, Бас директорын сайлау.
  2. «Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.
  3. «Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшері мен төлеу шарттарын айқындау.
  4. «Имсталькон» АҚ-ның мүдделі тарап қатысатын ірі мәміле (өзара байланысты мәмілелер жиынтығы) жасасу мәселесі.

Кворум болмаған жағдайда, қайта шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2025 жылғы 17 қазанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де, сол мекенжайда өтеді.

Акционерлердіңкезектентысжалпыжиналысыбетпе-бет (очные) форматтаөткізіледі.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар жиналыс өткізілетін күнге дейін 10 күнтізбелік күн бұрын Қоғам орналасқан мекенжайда, жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін танысуға қолжетімді болады.Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:
 +7 (702) 351-55-98 және +7 (727) 338-77-12.