2025 жылғы 04 қарашаға арналған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарландыру
3.10.2025
«Имсталькон» акционерлік қоғамы Бас директор Малинин А.А.-ның атынан өз акционерлеріне Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 37-бабына сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2025 жылғы 4 қараша, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де мына мекенжайда өтеді: Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а бөлме (тұрғын емес), 3-қабат, конференц-зал.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу жиналыс өтетін күні, 2025 жылғы 4 қарашада, сағат 08:30-дан 09:30-ға дейін, жиналыс өтетін мекенжайда жүргізіледі. Тіркелу кезінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет. Акционерлердің өкілдері тиісті түрде ресімделген сенімхат негізінде қатыса алады.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру құқығына ие акционерлердің тізімі 2025 жылғы 24 қазандағы жағдай бойынша жасалады. Тіркеу процесін оңтайландыру мақсатында, сенімхат негізінде әрекет ететін акционерлердің өкілдерінен сенімхаттың көшірмесін 2025 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей a.kamshibaeva@imstalcon.kz электрондық поштасына жіберулерін сұраймыз.
Кезектентысжалпыжиналыстыңкүнтәртібі:
1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-пен бұрын қабылданған шешімдер мен бұрын жасалған мәмілелерді мақұлдау туралы.
2. «Имсталькон» АҚ-ның өзара байланысты ірі мәмілелер (мәмілелер жиынтығы), жасалуына мүдделі тұлғалар қатысатын мәмілелер, жасасуы туралы.
3. «Имсталькон» АҚ Бас директорының өкілеттіктерін растау туралы.
Кворум болмаған жағдайда, қайта шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2025 жылғы 5 қарашада, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де, сол мекенжайда өтеді.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы – бетпе-бет (очные) форматта өткізіледі.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар жиналыс өткізілетін күнге дейін 10 күнтізбелік күн бұрын Қоғам орналасқан мекенжайда, жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін танысуға қолжетімді болады. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: +7 (702) 351-55-98 және +7 (727) 338-77-12.