«Имсталькон» акционерлікқоғамыакционерлерініңкезектентысжалпыжиналысы2026жылы12қаңтарда сағат 10-00-де өтеді
10.12.2025
«Имсталькон» акционерлік қоғамы (орналасқан мекен-жайы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айманов көшесі, 140 үй, 58а тұрғын емес үй), Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 37-бабына сәйкес Акционерлік қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасымен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілуі туралы хабарлайды.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2026 жылы 12 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140 үй, 58а тұрғын емес үй мекен-жайы бойынша, 3 қабатта мәжіліс залда өтеді.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2026 жылы 12 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 08-30-ден 09-30 сағатқа дейін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүргізіледі.
Акционерлер тізімін жасау күні: 2025 жылғы 30 желтоқсан – жиналысқа қатысу және дауыс беру құқығы бар акционерлер тізімі жасалатын күн.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. «Имсталькон-А» ЖШС-нің «Имсталькон» АҚ-қа қосылуына байланысты беріліс актісін бекіту туралы.
2. «Имсталькон-А» ЖШС-нің «Имсталькон» АҚ-қа қосылу туралы шартын бекіту туралы.
3. «Имсталькон-А» ЖШС-нің «Имсталькон» АҚ-қа қосылуын уәкілетті органда тіркеу туралы.
4. «Имсталькон» АҚ Жарғысының жаңа редакциясын бекіту туралы.
Қоғамның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы, егер бірінші жиналыс кворумның болмауына байланысты өтпесе, сол мекен-жай бойынша 2026 жылдың 13 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша 10-00-ге жоспарланған.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдармен Қоғамның орналасқан жері бойынша жиналыс өткізілетін күннен 10 күн бұрын жұмыс күндері 8: 00-ден 17: 00-ге дейін танысуға болады. Анықтама үшін телефон: +7 (702) 351-55-98; + 7 (727) 338-77-12.