«Имсталькон» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2026 жылы 12 мамыр сағат 10-00-де өтеді

 «Имсталькон» акционерлік қоғамы (орналасқан мекен-жайы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айманов көшесі, 140 үй, 58а тұрғын емес үй), Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 37-бабына сәйкес Акционерлік қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасымен  акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілуі туралы хабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2026 жылы 12 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140 үй, 58а тұрғын емес үй мекен-жайы бойынша, 3 қабатта мәжіліс залда өтеді.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2026 жылы 12 мамырда жергілікті уақыт бойынша 08-30-ден 09-30 сағатқа дейін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүргізіледі.

Акционерлер тізімін жасау күні: 2026 жылғы 30 сәуір – жиналысқа қатысу және дауыс беру құқығы бар акционерлер тізімі жасалатын күн.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

1. «Имсталькон» АҚ-ның мүдделілік бар ірі мәмілелерді (өзара байланысты мәмілелер жиынтығын) жасасуы туралы.

Қоғамның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы, егер бірінші жиналыс кворумның болмауына байланысты өтпесе, сол мекен-жай бойынша 2026 жылдың 13 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша 10-00-ге жоспарланған. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдармен Қоғамның орналасқан жері бойынша жиналыс өткізілетін күннен 10 күн бұрын жұмыс күндері 8: 00-ден 17: 00-ге дейін танысуға болады. Анықтама үшін телефон: +7 (702) 351-55-98; + 7 (727) 338-77-12.