АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР
15.05.2026
12.05.2026 ж.
«Имсталькон» акционерлік қоғамы (мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а тұрғын емес үй-жай) өз акционерлеріне 2026 жылғы 12 мамырда Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а тұрғын емес үй-жай, 3-қабат, мәжіліс залында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткенін хабарлайды.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
- «Имсталькон» АҚ-ның мүдделілік бар ірі мәмілелерді (өзара байланысты мәмілелер жиынтығын) жасасуы туралы.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қабылданған шешімдер:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
- Мүдделілік бар ірі мәмілелерді жасасу мақұлдансын, атап айтқанда:
1) 2023 жылғы 14 қарашадағы № KS 02-23-34 кредиттік желіні ұсыну туралы келісім бойынша (бұдан әрі – Келісім) қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты Банк пен «Имсталькон-Теміртау» ЖШС, «АМФ1 – Имсталькон» ЖШС, «Жамбыл металл құрылымдары зауыты – Имсталькон» ЖШС, «Лисаков монтаж фирмасы – Имсталькон» ЖШС, «Маңғыстау – Имсталькон» ЖШС, «Юсталькон» ЖШС, «Павлодар металл құрылымдары зауыты – Имсталькон» ЖШС, «Имсталькон – Атырау» ЖШС, «Өскемен металл құрылымдары зауыты – Имсталькон» ЖШС, «Павлодар монтаж фирмасы – Имсталькон» ЖШС, «АЗОК» ЖШС, «Астана – Имсталькон» ЖШС, «Семей монтаж фирмасы – Имсталькон» ЖШС, «Қарағанды металл құрылымдары зауыты – Имсталькон» ЖШС, «Орал монтаж фирмасы – Имсталькон» ЖШС, «Қарағанды монтаж фирмасы – Имсталькон» ЖШС (бұдан әрі бірлесіп – Қарыз алушылар) және «Имсталькон» АҚ (бұдан әрі – Бірлескен қарыз алушы) арасында Қоғамның Келісімге өзге Қарыз алушылар мен Бірлескен қарыз алушының міндеттемелері бойынша толық ортақ жауапкершілік шарттарымен бірлескен қарыз алушы ретінде енгізілуіне байланысты, сондай-ақ Банкпен келісілген және Келісімге жасалатын қосымша келісімде айқындалатын өзге де талаптар бойынша Келісімге қосымша келісім жасалсын.
Сонымен қатар, болашақта Келісімге қаржыландыру талаптарының кез келген өзгерістеріне байланысты қосымша келісімдер жасасу мақұлдансын, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей:
- қаржыландыру сомасын ұлғайту – осы шешім қабылданған күнгі Келісім бойынша белгіленген/қолданыстағы кредиттік желінің жалпы сомасының 30%-ынан (отыз пайызынан) аспайтын мөлшерде;
- Кредит мерзімін ұзарту/ұлғайту – осы шешім қабылданған күнгі Келісім бойынша белгіленген/қолданыстағы Кредиттің жалпы мерзімінің 50%-ынан (елу пайызынан) аспайтын мөлшерде;
- Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту – осы шешім қабылданған күнгі Келісім бойынша белгіленген/қолданыстағы сыйақы мөлшерлемесінің 50%-ынан (елу пайызынан) аспайтын мөлшерде.
2) Келісімге қосымша келісім жасалуына байланысты Қоғам Келісім бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жасасқан барлық кепіл шарттарына (бұдан әрі – Кепіл шарттары) тиісті қосымша келісімдер жасалсын, Банктің пайдасына кепіл беруге және кепіл нысанасы болып табылатын мүлікті/құқықтарды соттан тыс тәртіппен өткізуге келісім берілсін, сондай-ақ болашақта Келісімге қаржыландыру талаптарының кез келген өзгерістеріне байланысты қосымша келісімдер жасалған жағдайда, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей:
- қаржыландыру сомасын ұлғайту – осы шешім қабылданған күнгі Келісім бойынша белгіленген/қолданыстағы Кредиттің жалпы сомасының 30%-ынан аспайтын мөлшерде;
- Кредит мерзімін ұзарту/ұлғайту – осы шешім қабылданған күнгі Келісім бойынша белгіленген/қолданыстағы Кредиттің жалпы мерзімінің 50%-ынан аспайтын мөлшерде;
- Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту – осы шешім қабылданған күнгі Келісім бойынша белгіленген/қолданыстағы сыйақы мөлшерлемесінің 50%-ынан аспайтын мөлшерде;
- сыйақы мөлшерін, мақсатты пайдалану шарттарын, қамтамасыз ету құрамын және т.б. өзгерту.
2. Қоғамның Бас директорына Қоғам атынан акционерлердің жалпы жиналысының қосымша мақұлдауынсыз, өз қалауы бойынша Банктен қаржыландыру тартуға/Кредит алуға байланысты кез келген әрекеттерді/мәмілелерді, сондай-ақ Кредит мерзімін ұзартуға/ұлғайтуға, қаржыландыру сомасын арттыруға, Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге және қаржыландыру шарттарының өзге де өзгерістеріне байланысты мәмілелерді (оның ішінде кепіл шарттарын және/немесе оларға қосымша келісімдерді), сондай-ақ Қоғам Банкіге кепілге ұсынатын жылжымайтын мүліктің сипаттамаларын (қайта өлшеу, ұлғайту, қайта жоспарлау, құрылыс, реставрация, кеңейту, жаңғырту, күрделі жөндеу, реконструкциялау немесе қайта жабдықтау нәтижесінде) өзгертуге өкілеттік берілсін.