2026 ЖЫЛҒЫ 26 МАУСЫМДА САҒАТ 10:00-ДЕАКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТЕДІ

«Имсталькон» акционерлік қоғамы (мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а тұрғын емес үй-жай) өз акционерлеріне Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 35-бабына сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылған акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2026 жылғы 26 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а тұрғын емес үй-жай, 3-қабат, мәжіліс залында өтеді.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2026 жылғы 26 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30-дан 09:30-ға дейін жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы жүргізіледі.

Жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша жасалады.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. Акционерлер жиналысының бұрын қабылданған шешімінің күшін жою туралы.
  2. 2025 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы.
  3. 2025 жылға арналған таза табысты бөлу тәртібін және бір жай акцияға есептегендегі 2025 қаржы жылы үшін дивиденд мөлшерін айқындау туралы.
  4. «Имсталькон» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
  5. Атқарушы органды, «Имсталькон» АҚ-ның бас директорыны сайлау туралы.

Кворум болмауына байланысты алғашқы жиналыс өткізілмеген жағдайда өткізілетін Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2026 жылғы 29 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де сол мекенжайда тағайындалды.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен жиналыс өткізілетін күнге дейін 10 күн бұрын Қоғамның орналасқан жері бойынша жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін танысуға болады. Анықтама телефондары: +7 (702) 351-55-98; +7 (727) 338-77-12.