АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР
29.06.2026
«Имсталькон» акционерлік қоғамы (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, тұрғын емес 58а үй-жай) өз акционерлеріне 2026 жылғы 26 маусымда Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, тұрғын емес 58а үй-жай, 3-қабат, мәжіліс залында акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткенін хабарлайды.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:
- Акционерлер жиналысының бұрын қабылданған шешімінің күшін жою туралы.
- 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы.
- 2025 жылға арналған таза табысты бөлу тәртібін және бір жай акцияға шаққандағы 2025 қаржы жылы үшін дивиденд мөлшерін айқындау туралы.
- «Имсталькон» АҚ директорлар кеңесі мүшелерінің және атқарушы органының сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы акционерлерді хабардар ету туралы.
- «Имсталькон» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
- «Имсталькон» АҚ-ның атқарушы органын – Бас директорын сайлау туралы.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қабылданған шешімдер:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
1) «Имсталькон» акционерлік қоғамы акционерлерінің 2025 жылғы 04 қарашадағы №40-ОСА кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасымен және 2026 жылғы 12 қаңтардағы №41-ОСА кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасымен қабылданған мынадай шешімдердің күші жойылсын:
- «Имсталькон – А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін «Имсталькон» акционерлік қоғамына қосу туралы;
- беру актісін бекіту туралы;
- қосылу туралы шартты бекіту туралы;
- «Имсталькон» акционерлік қоғамының Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес аудитін «НАК Центраудит – Қазақстан» ЖШС жүргізген 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілік бекітілсін.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
3) Қоғамның 2025 жылғы таза табысы бөлінбесін, Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.
Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
4) Қоғамның директорлар кеңесі мүшелері мен атқарушы органының сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
Күн тәртібінің бесінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
5) 2025 жылы «Имсталькон» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлерден өтініштердің түспегені туралы ақпарат назарға алынсын.
Күн тәртібінің алтыншы мәселесі бойынша шешім қабылданды:
6) «Имсталькон» АҚ-ның Бас директоры болып Молотовский Константин Иванович 2026 жылғы 01 шілдеден бастап 2031 жылғы 30 маусымды қоса алғандағы кезеңге, 5 (бес) жыл мерзімге сайлансын.
Бас директордың өкілеттіктері көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қоғамның Жарғысында және еңбек шартында көзделген жағдайларда Акционерлердің жалпы жиналысы жаңа Бас директорды сайлау (өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату) туралы шешім қабылдағанға дейін қолданылады деп белгіленсін.