АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ2026 ЖЫЛҒЫ 21 ТАМЫЗДА САҒАТ 10:00-ДЕ ӨТЕДІ

«Имсталькон» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а тұрғын емес үй-жай мекенжайында орналасқан) акционерлерге Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 35-бабына сәйкес шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2026 жылғы 21 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де мына мекенжайда өтеді: Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а тұрғын емес үй-жай, 5-қабат, мәжіліс залы.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2026 жылғы 21 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30-дан 09:30-ға дейін жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде жүргізіледі.

Жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша жасалады.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. Директорлар кеңесінің мүшелерін жаңа мерзімге сайлау.

Кворумның болмауына байланысты бірінші жиналыс өткізілмеген жағдайда өткізілетін Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2026 жылғы 24 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де сол мекенжайда өткізіледі.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қоғамның орналасқан жері бойынша жиналыс өткізілетін күнге дейін 10 күн бұрын, жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін танысуға болады.

Анықтама телефондары:

+7 (702) 351-55-98;

+7 (727) 338-77-12.