“Имсталькон” акционерлік қоғамы
“Имсталькон” акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140 үй, 58а тұрғын емес үй-жай мекенжайы бойынша орналасқан) өз акционерлеріне “Акционерлік қоғамдар туралы”ҚР Заңының 37-бабы негізінде Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылған акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2024 жылғы 20 тамызда жергілікті уақытпен сағат 10-00-де Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140 үй, 58а тұрғын емес үй-жай, 3 қабат, конференц зал мекенжайы бойынша өтеді. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылғы 20 тамызда жеке басын куәландыратын құжатты көрсету бойынша жергілікті уақытпен сағат 08-30-дан 09-30-ға дейін жүргізіледі.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға және оған дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2023 жылғы 16 тамыздағы жағдай бойынша жасалады.
Акционерлерді жиналыста тіркеу процесін оңтайландыру мақсатында акционерлердің өкілдерін сенімхат бойынша 2023 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей электрондық поштаға жіберуді сұраймыз a.kamshibaeva@imstalcon.kz акционерлер жиналысына қатысуға сенімхаттың көшірмесі.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:
1) 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілікті бекіту.
2) 2023 жылғы таза табысты бөлу тәртібін және 2023 қаржы жылындағы дивидендтердің мөлшерін бір жай акцияға есептегенде айқындау.
3) Акционерлердің “Имсталькон” АҚ және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
4) Акционерлерді “Имсталькон”АҚ Директорлар кеңесі мүшелері мен атқарушы органы сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы хабардар ету туралы.
Егер кворумның болмауына байланысты бірінші жиналыс өткізілмесе, өткізілетін Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы 2024 жылғы 21 тамызға жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де сол мекен-жай бойынша тағайындалады.