«ИМСТАЛЬКОН» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ, ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: АЛМАТЫ Қ., АЙМАНОВ К-СІ, 140, 58А ТҰРҒЫН ЕМЕС ҮЙ-ЖАЙ, 2021 Ж. 23 ШІЛДЕДЕ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ КҮНДІЗГІ ОТЫРЫСЫ ӨТКЕНІ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ.

«Имсталькон» акционерлік қоғамы, заңды мекен-жайы: Алматы қ., Айманов к-сі, 140, 58а тұрғын емес үй-жай, 2021 ж. 23 шілдеде Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткені туралы жариялайды. Онда шешім қабылданған:

2.1. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезекті жылдық жалпы жиналысын шақырту және оның өту датасын 2021 ж. 26 тамызда  жергілікті уақыт бойынша сағат 11-00 бекіту.

2.2. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезекті жылдық жалпы жиналысын өткізу орнын және жиналыс қатысушыларының тіркелу мекен-жайын: Алматы қ., Айманов к-сі, 140, 58а тұрғын емес үй-жай, конференцзалда өтуін бекіту. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезекті жылдық жалпы жиналысына 2021 жылдың 26 тамызында шақырылған қатысушыларының тіркеу уақыты жергілікті уақытпен сағат 9-00, ал қатысушылардың тіркеуі аяқталу уақыты сағат 10-30 жергілікті уақытпен бекітілсін.

2.3. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімінің құрастыру датасын және онда дауыс беруді анықтау 2021 ж. 20 тамызда жасалсын.

2.4. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысатын қатысушыларының тізімі, егер, кворумның жоқтығына байланысты бірінші жиналыс өткізілмеген болса, қайта өтетін уақытын 2021 жылдың 27 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 11-00 берілген мекен-жайы бойынша белгіленсін.

3. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі  бекітілсін:

3.1.  Шот комиссияның өкілеттік мерзімі  және сандық құрамы мен оның мүшелерін анықтау.

3.2. «Имсталькон» АҚ-ның 2020 жылға жылдық қаржы есебін бекіту.

3.3. 2020 жылға таза кірісті бөлу тәртібін және бір жай акцияға 2020 қаржы жылына дивиденд мөлшерін бекіту.

3.4. Акционерлердің «Имсталькон» АҚ-ның және оның лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы.