Новости

23.10.2019

«ИМСТАЛЬКОН» АҚ КРЕДИТОРЛАРЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ 2019 ж. 7 ҚАРАШАДА ӨТКІЗІЛЕДІ

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24 және 25-баптарына сәйкес «Имсталькон» АҚ кредиторларының жиналысы 2019ж. 7 қарашада сағат 11:00-де Алматы қаласы, Айманов к-сі, 140, 58а тұрғын емес жай мекенжайында өтетіні туралы хабарлаймыз.

Жиналыстың күн тәртібі:
1. «Имсталькон» АҚ борышкері меншік иесінің – жеке атқарушы органның, бас директордың атынан М.М. Резуновтың борышкердің мүлігі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы.
2. Оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдау.

Қатысушыларда кредиторлар жиналысында кредитордың мүддесін білдіру құқығын растайтын құжаттар болуы тиіс.