Акционерам

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ

«Имсталькон» АҚ-ның Директорлар кеңесі 5 мүшеден тұрады, 1 – тәуелсіз директор.

Турегалиев Халел Мухитович

Турегалиев Халел Мухитович

Директорлар Кеңесінің төрағасы, Директорлар Кеңесінің тәуелсіз мүшесі

1953 жылы 7 қарашада туған. 1974 жылы «Өнеркәсіптегі бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша Жамбыл технологиялық институтын бітірген. 1985 ж. КОКП Орталық Комитетінің Партиялық және экономикалық активтер мектебін бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

1974-1989 жж – Луговский автокөлік кәсіпорнының бас бухгалтері.

1991-1994 жж – КСРО Мемлекеттік комитетінің бас бухгалтері.
1994-1996 жж – «ХГС» Кеңестік-Австриялық кәсіпорнының экономикалық мәселелер жөніндегі бас директорының орынбасары.
1996-2000 жж – Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі, Жоғарғы Кеңестің бақылау палатасының қызметкері, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Комитеттерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің қызметкері, кафедра меңгерушісі, бөлім бастығы.
2002-2008 жж – «СК «Стандарт» ЖШС құрылыс компаниясының экономикалық мәселелер бойынша директорының кеңесшісі.
2000 жылдан бастап – «Қазақстан Республикасы Чернобыль ардагерлер одағының» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Нұр Отан» НДП ардагерлер мен әскери-патриоттық бірлестіктердің Орталық кеңесінің мүшесі, Алматыдағы «Атамекен» СӨП Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі.
15.05.2013 ж. – «Имсталькон» АҚ тәуелсіз директоры.

16.10.2017 ж. – «Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

Резунов Михаил Михайлович

Резунов Михаил Михайлович

Директорлар Кеңесінің мүшесі

«Имсталькон» АҚ-ның бас директоры.

1947 жылы Брянск облысында туған. 1976 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатының зауыт- ВТУЗ-ін бітірді.

Еңбек қызметін 1969 жылы Теміртау мамандырылған басқармасы «Казстальконструкция» трестінде жинақтаушы, ұстаханашы, жұмыс өндіруші, аға жұмыс өндірушісі болып бастаған. 1977 жылы Қарағанды мамандырылған басқармасының бас инженері қызметіне ұсынылған, ал 1985 жылы «Казстальмонтаж» трестіне бас инженер болып тағайындалған. Мамандырылған «Казстальмонтаж» жинақтау-өнеркәсіптік бірлестігі құрылғаннан кейін бас инженердің қызметін атқарды.
1992 жылдан бері «Имсталькон» АҚ бас директорының бірінші орынбасары.
2011ж. мамыр айынан «Имсталькон» АҚ-ның бас директоры.

Лабуков Михаил Семенович

Лабуков Михаил Семенович

Директорлар Кеңесінің мүшесі
«Имсталькон-Өскемен металл құрылымдарының зауыты» ЖШС директоры

1946 жылы 15 қарашада туған. Қарағанды политехникалық институтын бітіріп «жабдықтар мен пісіру өндірісі технологиясы» маманы болды. Қарағанды металл құрастыру зауытында ұйымдастыру және басқару тәжірибесін алған. 1977 жылдан Өскемен металл құрылымдарының зауытын басқарады. Кәсіпорынның экономикалық потенциалын арттырып металл құрылымдар өндірісі технологиясын жетілдіреді.
1998 ж. М.С.Лабуков жылсайын «Имсталькон» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланады.

Миллер Артур Яковлевич

Миллер Артур Яковлевич

Директорлар Кеңесінің мүшесі
«Лисаковская монтажная фирма – Имсталькон» ЖШС директоры

1954 жылы 24 шілдеде туған. Қарағанды политехникалық институтын бітіріп инженер-құрылысшы маманы болды. Бұл құрылымда 1976 жылдан бері шағын үзіліспен қызмет атқарып келеді: инженер, өндірісті дайындау учаскесінің бастығы, Лисаковск мамандырылған басқармасының оперативтік-өндірістік бөлімінің бастығы. 1992 жылы басқарма «Имсталькон» АҚ-ның жинақтау фирмасына қайта құрылған. 1998ж. қыркүйегінен «Имсталькон» АҚ-ның Лисаковск жинақтау фирмасының директоры.

АБИШЕВ ЕРЖАН КАБЫКЕНОВИЧ

АБИШЕВ ЕРЖАН КАБЫКЕНОВИЧ

Директорлар кеңесінің мүшесі

1968 жылы 14 наурызда туған. 1989 жылы Әль-Фараби атындағы ҚазМУ–ды бітірген, мамандығы: химия факультеті. 1993 ж. Алматы құрылыс-жол институты, мамандығы: инженерлік-құрылыстық механика, 2002 ж. «Әділет» Жоғарғы заң мектебі, мамандығы: заңгер

Еңбек қызметі: Заместитель начальника отдела лицензирования, инспектирования и информатики в Транспортной инспекции Алматинской области.

  • 1997-1999 ж.ж. – Алматы облысының Көліктік бақылау инспекциясының лицензиялау, инспекциялау және информатика бөлімі бастығының орынбасары.
  • 1999-2002 жж. – Құрылыс материалдары зауытының заңгері.
  • 2002-2004 ж.ж. – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының Трассалық операциялардың бастығының орынбасары, Трассалық операциялардың бастығы, бас ревизор, «Көліктік қызмет көрсету орталығы» ААҚ.
  • 2004-2005 ж.ж. – Қазақстан тарапынан «Марубени» корпорациясының мұнай өңдеу зауытын қайта құру жобасы тобының менеджері (біріктіру арқылы), жетекші инженер-құрылысшы, НК ҚазМұнайГаз АҚ, Атырау «Мұнай өндіру зауыты» ЖШС.
  • 2005-2007 ж.ж. – Астана қаласында «АЙ-СУ» корпорациясының құрылыс объектілері дирекциясының басшысы.
  • 2008-2010 ж.ж. – «Выбор-Билдинг» ЖШС директоры.
  • 2010-2012 ж.ж. – «КАЗАГРОПРОДУКТ» АҚ-ның бас сарапшысы.
  • 2012-2013 ж.ж. – ҚР КВКиН МСХ Республикалық мал дәрігерлік зертханасының АХС бастығы.
Садвакасов Джаныбек Бимендеевич

Садвакасов Джаныбек Бимендеевич

Директорлар Кеңесінің тәуелсіз мүшесі

1947 жылы 28 наурызда туған.
1971 жылы Жамбыл гидрометеорологиялық және құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді; 1984 жылы Алма-Ата Жоғары партия мектебі. 2005 жылдан бастап – «Қазақстан құрылысшылары қауымдастығы» Республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры.

31.03.2016 жылдан бастап – «Имсталькон» АҚ тәуелсіз директоры.