050063, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 2-Жетісу шағын ауданы, 71 “Б” мекен-жайында орналасқан “Имсталькон” АҚ-ның басқармасы өз акционерлеріне 2008 ж. 29 сәуірінде сағат 10-00-де “Имсталькон” АҚ-ның филиалында №2 Алматы жинақтау фирмасының

050063, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 2-Жетісу шағын ауданы, 71 “Б” мекен-жайында орналасқан “Имсталькон” АҚ-ның басқармасы өз акционерлеріне 2008 ж. 29 сәуірінде сағат 10-00-де “Имсталькон” АҚ-ның филиалында №2 Алматы жинақтау фирмасының акті залында өтетін (орналасқан жері: Москвина 11 көшесі) жылдық жалпы акционерлер жиналысы жөнінде “Имсталькон” АҚ-ның директорлар кеңесімен шешім қабылданғаны туралы жариялайды. “Имсталькон” АҚ-ның жылдық жалпы акционерлер жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2008 ж. 29 наурыз айында құралады. Күн тәртібі: 1) Есеп комиссияның өкілеттік мерзімін және сандық құрамын анықтау, мүшелерін таңдау. 2) 2007 жылдың қаржылық есеп беруін бекіту. Филиалдардың 2008 жылдың 1 тоқсаны бойынша өндірістік-шаруашылық әрекеті жөнінде есеп беруін және 2008 жылдың 2-3 тоқсан жоспарларын қарастыру. 3) Қоғамның 2007 жылы бойынша таза түсімін бөлу тәртібін бекіту. 4) Қоғамның 2007 жылдың қорытыны бойынша бір жай акциясы есебінде дивидендтер мөлшерін бекіту және жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдау. 5) Қоғам жарғысына өзгертулер енгізу. 6) Коллегиалдық атқару органының өкілеттігін ұзарту. 7) Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау. 8) Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақысын төлеу шарты мен мөлшерін анықтау. Кворумның жоқтығында қайта жиналыс 2008 ж.30 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де бұрынғы мекен-жай бойынша өтеді. Акционерлер Қоғамның орналасқан жерінде жиналыс материалдарымен танысуы мүмкін. Жиналыс қатысушыларының тіркелуі жеке куәлігі бойынша жиналыс алдында бір сағат бұрын жүргізіледі.