“Имсталькон” АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2010 жылдың 26 тамызында өтті. Жиналысқа 49 акционер (олардың өкілдері) қатысты, олардың барлығы Қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санынан 89,19 пайызды құрайтын 5 708 078…

“Имсталькон” АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2010 жылдың 26 тамызында өтті. Жиналысқа 49 акционер (олардың өкілдері) қатысты, олардың барлығы Қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санынан 89,19 пайызды құрайтын 5 708 078 дауысқа ие.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының Күн тәртібі бойынша дауыс берудің қорытындысы мынадай:
1. Қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрін өзгерту туралы.

1.1. “Имсталькон” АҚ-ның жарияланған жай акцияларының 1 800 000 данасының түрін айырмашылығы бар акцияларға өзгерту.

1.2. Қоғамның акция түрін өзгертумен байланысты “Имсталькон” АҚ-ның проспектісіне қолданыстағы заңға сәйкес өзгерту енгізу.

1.3. Екі ай аралығында “Қоғамның дивидендтік саясаты” Ережесіне өзгерістер әзірлеу.

1.4. Ережені Директорлар Кеңесіне алдын-ала талқылау үшін және оны Қоғамның келесі акционерлер жиналысына бекітуге беру.

Дауыс берудің қорытындысы: “дауыс берілсін” – 5 708 078 дауыс бір дауыспен.

2.Қоғамның Жарғысына өзгерістер енгізілсін.
Шешім қабылданды:
2.1. “Имсталькон” Акционерлік қоғамының Жарғысына № 2 Өзгертуі бекітілсін.

2.2. “Имсталькон” АҚ Бас директорына “Имсталькон” Акционерлік қоғамының Жарғысына № 1 Өзгертуіне қол қоюы тапсырылсын.

2.3. “Имсталькон” Акционерлік қоғамының Жарғысына енгізілген өзгертулер туралы өкілетті мемлекеттік органына хабардар етілсін.

Дауыс берудің қорытындысы: “дауыс берілсін” – 5 708 078 дауыс бір дауыспен.