“Имсталькон” АҚ-ның Басқармасы, орналасқан мекен-жайы: 050063, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 2-Жетісу шағын ауданы, 71 “В”, өз акционерлеріне 2010 ж. 22 қарашада“Имсталькон” АҚ Директорлар кеңесі акционерлердің кезектен тыс жалпы

“Имсталькон” АҚ-ның Басқармасы, орналасқан мекен-жайы: 050063, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 2-Жетісу шағын ауданы, 71 “В”, өз акционерлеріне 2010 ж. 22 қарашада “Имсталькон” АҚ Директорлар кеңесі акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізуі туралы шешім қабылдағанын жариялайды.

“Имсталькон” АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2010 ж. 24 желтоқсанда сағат 10-00-де мына мекен-жайда өтеді: Алматы қаласы, Москвин көшесі, 11, (“АМФ 2 – Имсталькон” ЖШС-ның акті залы).

“Имсталькон” АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2010 ж. 01 желтоқсанында құралады.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

1) Қоғамның жарияланған акцияларының көбейту туралы (Баяндаушы В.Т.Кананыхин).

2) Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі В.В. Извековтың өкілдігінің аяқталуына байланысты Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін тағайындау туралы (Баяндаушы Есмұқанов С.Ғ.).

Акционерлер Қоғамның Басқармасының мекен-жайында жиналыс материалдарымен жиналыс басталатын күннен он күн бұрын танысуы мүмкін. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларының тіркелімі 2010 ж. 24 желтоқсанда жергілікті сағат 09-00-да жеке басын куәландыратын құжатты көрсету бойынша басталады.

Кворумның жоқтығында қайта жиналыс 2010 ж. 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де бұрынғы мекен-жайы бойынша өтеді.