«Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2013 ж. 14 мамырында

«Имсталькон» акционерлік қоғамының Басқармасы, орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Ре,спубликасы, Алматы қ., Айманов к-сі, 140 үй, өз акционерлеріне «Имсталькон» АҚ-ның Директорлар Кеңесі 2013 ж. 09 сәуірінде Қоғамның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы шешім қабылдағанын хабардар етеді.
«Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2013 ж. 14 мамырында 10-00жергілікті уақыты бойынша мына мекен-жай бойынша өтеді (конференцзал): Алматы қ., Айманов к-сі, 140 үй.

Жылдық жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 ж. 10 мамырында жасалады.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:

1) Шот комиссияның өкілеттік мерзімі және сандық құрамы мен оның мүшелерін анықтау.

2) Имсталькон» АҚ-ның 2012 жылға жылдық қаржы есебін бекіту.

3) Имсталькон» АҚ-ның 2012 жылға қаржы жылға таза түсімін бөлу тәртібін бекіту.

4) Қоғамның бір жай акциясына есептегенде 2012 ж. қаржы жылға дивидендтер мөлшерін бекіту және жай акциялары бойынша дивидендтөлеу туралы шешім қабылдау.

5) Қоғамның жарияланған акцияларының орналастырылмаған түрінің өзгеруі туралы шешім қабылдау.

6) Қоғамның жаңа заңды мекен-жайын анықтау.

7) Қоғамның Жарғысын жаңа редакцияда бекіту.

8) Қоғамның 2012 жылға Директорлар Кеңесінің қызметі туралы есебі.

9) Қоғамның Директорлар Кеңесін сайлау.

10) Қоғамның Директорлар Кеңесі мүшелерінің сый ақы төлеу жағдайы мен мөлшерін анықтау.

11) Қоғамның атқару органын сайлау.

12) «Имсталькон» АҚ-ның корпоративті басқару Кодексін жаңа редакцияда бекіту.

13) «Имсталькон» АҚ-ның Директорлар Кеңесі туралы Ережені жаңа редакцияда бекіту.

14) «Имсталькон» АҚ-ның Дивидендтік саясаты туралы Ережені жаңа редакцияда бекіту.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі туралы құжаттармен Қоғамының Басқармасы орналасқан жерінде жиналыс болатын күнге 10 күн қалған уақытта танысуға болады. Кворумның жоқтығына байланысты жиналыс болмай қалған жағдайда қайталама жиналыс 2013 ж. 15 мамырында 10-00 жергілікті уақыты бойынша аталған мекен-жай бойынша өткізіледі.