Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткені туралы

«Имсталькон» акционерлік қоғамының атқарушы органы – бас директор, мекен-жайы: Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а тұрғын емес үй-жай, 04-ақпан 2016 жылы «Имсталькон» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесімен шешім қабылданғанын хабарлайды.

«Имсталькон» АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу:

1) «Имсталькон» АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізудің күні мен уақытын 10-наурыз 2016 жыл 10:00 жергілікті уақытқа бекіту.

2) «Имсталькон» АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын және жиналысқа қатысушыларды тіркеуді Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а тұрғын емес үй-жай, конференц-зал мекен-жайы бойынша өткізілу орнын бекіту.

3) «Имсталькон» АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеуді бастау 10 наурыз 2016 жыл 08:00 жергілікті уақытқа бекіту.

4) 01 наурыз 2016 жылға «Имсталькон» АҚ акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар акционерлер тізімін жасау уақытын белгілеу.

5) Егер бірінші жиналыс кворумның жоқтығы себебінен өтпей қалса, «Имсталькон» АҚ өткізілуі қажет акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын қайта өткізу күні мен уақытын 11 наурыз 2016 жыл 10:00 жергілікті уақытына белгілеу.

6) «Имсталькон» АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін белгілеу:

1. «Имсталькон» АҚ-ның жарғысын жаңа редакцияда бекіту.

2. «Имсталькон» АҚ-ның органдарын қайта сайлау.

Акционерлер жиналысының мәліметтерімен Қоғамның орналасқан жері бойынша жиналыс өткен күнге дейін 10 күн ішінде танысуға болады.