«Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы

«Имсталькон» акционерлік қоғамының атқарушы органы – бас директор, мекен-жайы: Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, тұрғын емес үй-жай 58а, 04-ақпан 2016 жылы «Имсталькон» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі шешім қабылданғанын хабарлайды.
1. Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 04-ақпандағы №296-СД шешімінің акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру мәселесі жөніндегі 4-тармағы жойылсын.

2. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру:

1) «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізудің күні мен уақытын 31-наурыз 2016 жыл 10:00 жергілікті уақытқа бекіту.

2). Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, тұрғын емес үй-жай 58а, конференц-зал мекен-жайын «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу және жиналысқа қатысушыларды тіркеу орны етіп бекіту.

3) «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеуді бастау уақытын 31 наурыз 2016 жыл 08:00 жергілікті уақытқа бекіту.

4) «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар акционерлер тізімін 11 наурыз 2016 жыл жағдайы бойынша анықтау.

5) Егер бірінші жиналыс кворумның жоқ болуы себебі бойынша болмай қалса, «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын қайталап өткізу күні мен уақытын 01-сәуір 2016 жыл 10:00 жергілікті уақытына белгілеу.

6) «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту:

1. «Имсталькон» АҚ-ның жарғысын жаңа редакцияда бекіту.

2. «Имсталькон» АҚ-ның органдарын қайта сайлау.

Акционерлер жиналысының мәліметтерімен Қоғамның орналасқан жері бойынша жиналыс өткен күнге дейін 10 күн ішінде танысуға болады.