Жалпы жиналысты өткізу

«Имсталькон» акционерлік қоғамы, заңды мекен-жайы: Алматы қ., Айманов к-сі, 140-үй, тұрғын емес үй-жай 58а, 2016 жылғы 30-наурызда Директорлар кеңесінің ашық отырысының шешімі қабылдағанын хабарлайды:
Күн тәртібі: «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы.

Дауыс берді: «Иә» – бірауыздан

Шешім қабылданды:

8.1. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы шақырылсын және

оны өткізу күні мен уақыты 2016 жылғы 12-мамыр жергілікті уақыт 10-00 бекітілсін.

8.2. Алматы қ., Айманов к-сі, 140-үй, тұрғын емес үй-жай 58а, конференцзал мекен-жайы «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу және жиналыс қатысушыларын тіркеу орны болып бекітілсін.

8.3. 2016 жылғы 12-мамыр жергілікті уақыт 08-00 «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеуді бастау уақыты болып бекітілсін.

8.4. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлер тізімін жасау күні 2016 жылғы 03-мамыр жағдайы бойынша анықталсын.

8.5. Егер бірінші жиналыс кворумның болмауы себебімен өткізілмеген жағдайда, өткізілуі қажет «Имсталькон» АҚ акционерлерінің қайталап өткізілетін жылдық жалпы жиналысын өткізу күні мен уақыты 2016 жылғы 13-мамыр 10-00 жергілікті уақытына аталған мекен-жай бойынша тағайындалсын.

8.6. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

1) Имсталькон» АҚ-ның 2015 жылдағы жылдық қаржылық есептілігін бекіту.

2) 2015 қаржы жылындағы Имсталькон» АҚ-ның таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2015 қаржы жылына Қоғамының бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін бекіту.

3) Қоғамның Директорлар Кеңесінің қызметі туралы есебі.

4) «Имсталькон» АҚ-ның жарғысын жаңа редакцияда бекіту.

5) «Имсталькон» АҚ-ның органдарын қайта сайлау.

Орналастырылған акциялардың бір түрін басқа акция түріне ауыстыру шешімді жою туралы. Акционерлер жиналысының құжаттарымен Қоғамның орналасқан жері бойынша жиналыс өту датасынан 10 күн бұрын танысуға болады.