«ИМСТАЛЬКОН» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫН ШАҚЫРТУ

«Имсталькон» акционерлік қоғамы, заңды мекен-жайы: Алматы қ., Айманов к-сі, 140, 58а тұрғын емес үй-жай, 2019 ж. 25 шілдеде Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткені туралы жариялайды. Онда шешім қабылданған:
2. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезекті жылдық жалпы жиналысын шақырту және оның өту күнін 2019 ж. 27 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 11-00 бекіту.
2.1. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезекті жылдық жалпы жиналысын өткізу орнын және жиналыс қатысушыларының тіркелу мекен-жайын: Алматы қ., Айманов к-сі, 140, 58а тұрғын емес үй-жай, конференцзалда өтуін бекіту. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің кезекті жылдық жалпы жиналысына 2019 жылдың 27 тамызында шақырылған қатысушыларының тіркеу уақыты жергілікті уақытпен сағат 09-30, ал қатысушылардың тіркеуі аяқталу уақыты сағат 10-30 жергілікті уақытпен бекітілсін.
2.2. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімінің құрастыру датасын және онда дауыс беруді анықтау 2019 жылдың 20 тамызда жасалсын.
2.3. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысатын қатысушыларының тізімі, егер, кворумның жоқтығына байланысты бірінші жиналыс өткізілмеген болса, қайта өтетін уақытын 2019 жылдың 28 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 11-00 берілген мекен-жайы бойынша белгіленсін.
3. «Имсталькон» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:
1. «Имсталькон» АҚ-ның 2018 жылғы жылдық қаржы есебін бекіту.
2. 2018 жылғы таза табысты бөлу тәртібін және бір жай акцияға шаққандағы 2018 қаржы жылындағы дивидендтің мөлшерін бекіту.
3. Қоғамның 2018 жылдың Директорлар Кеңесінің қызметі туралы есебі.
4. «Имсталькон» АҚ-ның аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау.
5. “Имсталькон” АҚ жай акцияларының жарияланған санын 200 000 000 данаға дейін ұлғайту.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі туралы құжаттармен Қоғамның орналасқан жерінде жиналыс болатын күнге 10 күн қалған уақытта танысуға болады.