20.10.2020 жылы «Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесі жиналысында қабылданған шешімдер

«Имсталкон» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) 2020 жылғы 20 қазанда директорлар кеңесінің отырысы  Алматы қ., Айманов көш., 140, тұрғын емес үй 58а мекен-жайы бойынша өткендігін хабарлайды.

Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібі:

  1. Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау.
  2. Бас директордың лауазымдық жалақысының мөлшерін, еңбекақы төлеу мерзімдері мен сыйлықақыларын анықтау.
  3. Корпоративтік хатшыны тағайындау, оның өкілеттік мерзімін анықтау, Корпоративтік хатшының еңбек ақы төлеу шарттарын анықтау.

Қабылданған шешімдер:

1. Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша шешім қабылданды:

  • Георгиади Иван Владимирович – «Имсталкон» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлансын.

2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Бас директордың лауазымдық жалақысының мөлшерін, еңбекақы төлеу шарттары мен сыйақыларын анықтау» туралы шешім қабылданды:

  •  20.10.2020 ж. Бастап «Имсталькон» АҚ бас директорына ресми жалақы ең төменгі 50 жалақы мөлшерінде тағайындалсын.

3. Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша «Корпоративтік хатшыны тағайындау, өкілеттік мерзімін анықтау, Корпоративтік хатшының еңбек ақы төлеу шарттарын анықтау туралы» шешім қабылданды.

  •  Корпоративтік хатшы қызметіне Нарынова Айман Мындыльдаевна тағайындалсын.