21.07.2022 ЖЫЛЫ «ИМСТАЛЬКОН» АҚ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР.
22.07.2022
«Имсталькон» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) 2022 жылғы 21 шілде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы Алматы қ., Айманов көш., 140, тұрғын емес үй 58а мекен-жайы бойынша өткендігін хабарлайды.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
- Есеп комиссияның өкілеттік мерзімі және сандық құрамы мен оның мүшелерін анықтау.
- «Имсталькон» АҚ-ның 2021 жылға жылдық қаржы есебін бекіту.
- 2021 жылға таза кірісті бөлу тәртібін және бір жай акцияға 2021 қаржы жылына дивиденд мөлшерін анықтау.
- Акционерлердің «Имсталькон» АҚ-ның және оның лауазымды адамдарының іс-әркеттеріне өтініштері және оларды қарау нәтижелері.
Қабылданған шешімдер:
1. Бірінші мәселесі бойынша:
- Есеп комиссиясының жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын;
- Есеп комиссиясының құрамы 3 адам болып белгіленсін.
- Лошкарева Вероника Сергеевна; Камшибаева Анар Машанқызы; Старостина Елена Александровна есеп комиссиясының мүшелері болып сайлансын.
- Вероника Сергеевна Лошкарева есеп комиссиясының төрағасы болып сайлансын.
- 2024 жылғы АҚ жұмысының қорытындысы бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізгенге дейін есеп комиссиясының өкілеттік мерзімі белгіленсін.
2. Екінші мәселесі бойынша :
ҚР заңнамасына сәйкес аудитін «ALMIR CONSAULTING» ЖШС аудиторлық компаниясы жүргізген және 2021 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікті бекіту:
• есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есеп;
• кезең ішіндегі пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есеп;
• кезең ішіндегі жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп;
• кезеңдегі капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп;
• кезең ішіндегі ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп;
• шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер.
3. Үшінші мәселесі бойынша:
«Имсталькон» АҚ-ның оңалту рәсімінде болуына байланысты қоғамның 2021 жылғы таза табысы бөлінбесін, 2021 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер есептелмесін.
4. Төртінші мәселесі бойынша:
2021 жылы акционерлердің “Имсталькон” АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне өтініштері, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелері мен атқарушы органының сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.