«ИМСТАЛЬКОН» АҚ КРЕДИТОРЛАРЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ 2023 жылғы 20 шілдеде өтеді.

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының 24 және 25 баптарына сәйкес «Имсталькон» АҚ кредиторларының жиналысы 2023 жылғы 20 шілдеде сағат 10-00 өтетінін хабарлаймыз.

Жиналыстың күн тәртібі:

  1. «Имсталькон» АҚ Бас директорының қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасына/еншілес компаниялардың жалғыз қатысушысының «Қазақстан Халық Банкі»АҚ-ға қаржыландыруды тартуға қатысты шешіміне қатысуға және қол қоюға өкілеттігін растау.
  2. Кәдімгі коммерциялық операциялардың шеңберінен тыс мәмілені келісу.

Кредиторлар жиналысы бейнеконференцбайланыс форматында өткізіледі. Бейнеконференцияға қосылу жөніндегі нұсқаулықтар және жиналыс материалдары (танысу үшін) info@imstalcon.kz электрондық мекенжайға жіберілген сұрау салуға жауап ретінде жіберілетін болады

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының 25 б.ы 3 т. сәйкес жиналысқа тікелей қатысу мүмкін болмаған жағдайда кредитор сырттай, оның ішінде пошта арқылы тапсырыс хатпен немесе электрондық тәсілмен дауыс беруге құқылы. Бұл ретте, егер кредитор сырттай дауыс берсе, ол жиналыс өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы оңалтушы басқарушыға хабарлауға тиіс.