АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР

13.01.2026 ж.

«Имсталькон» акционерлік қоғамы (мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а тұрғын емес үй-жай) өз акционерлеріне 2026 жылғы 12 қаңтарда Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а тұрғын емес үй-жай, 3-қабат, мәжіліс залында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткенін хабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. «Имсталькон-А» ЖШС-нің «Имсталькон» АҚ-ға қосылуына байланысты тапсыру актісін бекіту туралы.
  2. «Имсталькон-А» ЖШС-нің «Имсталькон» АҚ-ға қосылу туралы шартын бекіту туралы.
  3. Уәкілетті органда «Имсталькон-А» ЖШС-нің «Имсталькон» АҚ-ға қосылуын тіркеу туралы.
  4. «Имсталькон» АҚ жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қабылданған шешімдер:

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:

  1. «Имсталькон-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Имсталькон» акционерлік қоғамына қосылуына байланысты тапсыру актісі бекітілсін.
  2. Қоғам атынан тапсыру актісіне қол қою «Имсталькон» акционерлік қоғамының Бас директоры А.А. Малининге тапсырылсын.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:

  1. «Имсталькон-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Имсталькон» акционерлік қоғамына қосылу туралы шарты бекітілсін.
  2. Қоғам атынан қосылу туралы шартқа қол қою «Имсталькон» акционерлік қоғамының Бас директоры А.А. Малининге тапсырылсын.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде «Имсталькон-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Имсталькон» акционерлік қоғамына қосылуы нысанындағы қайта ұйымдастыруды уәкілетті органда мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылсын.
  2. «Имсталькон» акционерлік қоғамының Бас директоры А.А. Малининге:

• қайта ұйымдастыруды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын уәкілетті органға ұсыну;
• қосылуды мемлекеттік тіркеуге байланысты өтініштерге, нысандарға, хабарламаларға және өзге де құжаттарға қол қою және оларды тапсыру;
• қайта ұйымдастыруды тіркеуге байланысты мәселелер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарда Қоғамның мүдделерін білдіру тапсырылсын.

Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:

  1. «Имсталькон» акционерлік қоғамының жарғысы жаңа редакцияда бекітілсін.
  2. «Имсталькон» акционерлік қоғамының жарғысына жаңа редакцияда қол қою «Имсталькон» акционерлік қоғамының Бас директоры А.А. Малининге тапсырылсын.
  3. «Имсталькон» акционерлік қоғамының Бас директоры А.А. Малинин Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда «Имсталькон» акционерлік қоғамының жарғысын жаңа редакцияда мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.