АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР
15.05.2026
13.01.2026 ж.
«Имсталькон» акционерлік қоғамы (мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а тұрғын емес үй-жай) өз акционерлеріне 2026 жылғы 12 қаңтарда Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а тұрғын емес үй-жай, 3-қабат, мәжіліс залында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткенін хабарлайды.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
- «Имсталькон-А» ЖШС-нің «Имсталькон» АҚ-ға қосылуына байланысты тапсыру актісін бекіту туралы.
- «Имсталькон-А» ЖШС-нің «Имсталькон» АҚ-ға қосылу туралы шартын бекіту туралы.
- Уәкілетті органда «Имсталькон-А» ЖШС-нің «Имсталькон» АҚ-ға қосылуын тіркеу туралы.
- «Имсталькон» АҚ жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қабылданған шешімдер:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
- «Имсталькон-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Имсталькон» акционерлік қоғамына қосылуына байланысты тапсыру актісі бекітілсін.
- Қоғам атынан тапсыру актісіне қол қою «Имсталькон» акционерлік қоғамының Бас директоры А.А. Малининге тапсырылсын.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
- «Имсталькон-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Имсталькон» акционерлік қоғамына қосылу туралы шарты бекітілсін.
- Қоғам атынан қосылу туралы шартқа қол қою «Имсталькон» акционерлік қоғамының Бас директоры А.А. Малининге тапсырылсын.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде «Имсталькон-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Имсталькон» акционерлік қоғамына қосылуы нысанындағы қайта ұйымдастыруды уәкілетті органда мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылсын.
- «Имсталькон» акционерлік қоғамының Бас директоры А.А. Малининге:
• қайта ұйымдастыруды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын уәкілетті органға ұсыну;
• қосылуды мемлекеттік тіркеуге байланысты өтініштерге, нысандарға, хабарламаларға және өзге де құжаттарға қол қою және оларды тапсыру;
• қайта ұйымдастыруды тіркеуге байланысты мәселелер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарда Қоғамның мүдделерін білдіру тапсырылсын.
Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
- «Имсталькон» акционерлік қоғамының жарғысы жаңа редакцияда бекітілсін.
- «Имсталькон» акционерлік қоғамының жарғысына жаңа редакцияда қол қою «Имсталькон» акционерлік қоғамының Бас директоры А.А. Малининге тапсырылсын.
- «Имсталькон» акционерлік қоғамының Бас директоры А.А. Малинин Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда «Имсталькон» акционерлік қоғамының жарғысын жаңа редакцияда мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.